АҚЫН РУХЫНА АРНАЛДЫ

1  177 көрілім

Биылғы жылы киелi қаламызда ақиық ақын Қаныбек Сарыбаевтың кiтаптары “Бiр қала – бiр кiтап” акциясы аясында таңдалынып алынды. Осыған орай жақында орталықтандырылған кiтапханалар жүйесiне қарасты №6, №7,№28 кiтапхана филиалдарының ұйымдастыруымен ақын Қаныбек Сарыбаевтың 80 жылдығына орай әдеби кеш болып өттi.

Оранғай ауылдық клубында өткен iс-шараға Оранғай ауылдық округiнiң әкiмшiлiк қызметкерлерi, “Шұғыла” балабақшасының тәрбиешiлерi, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты.

№7 кiтапхана филиалының меңгерушiсi Гүлжамила Адилова ақын Қаныбек Сарыбаевтың өмiрбаяны мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Оранғай ауыл әкiмшiлiгiнiң қызметкерi Гүлзина Кадирова, “Шұғыла” балабақшасының меңгерушiсi Дина Бекмурзаева, ауыл клубының меңгерушiсi Бауыржан Әбуов сөз сөйлеп, от ауызды, орақ тiлдi, өршiл ақынның өлеңдерi ел есiнде мәңгi сақталатындығы туралы ойларын айтты.

Сондай-ақ әдеби кеште аталмыш кiтапхана филиалдарының белсендi оқырмандары және М.Қазыбеков, Қосқорған, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептердiң оқушылары ақынның жыр-шумақтарын жатқа оқыса, “Шұғыла” балабақшасының тәрбиелeнушiлерi ән айтып, би биледi.

Кеш барысында №6 кiтапхана филиалының меңгерушiсi Құндызай Нәлшеева кең көлемде кiтап көрмесiн ұсынса, №28 кiтапхана филиалының меңгерушiсi Хаят Мажитова ақынның кiтаптарына библиографиялық шолу жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы