КӨНЕ МЕШІТ ЗАМАНАУИ КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

1  242 көрілім

Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан «Хилует» мешіті заманауи кейіпке енеді. Өткен аптада қасиетті жұма намазы оқылып, келесі күні, яғни 15-ақпаннан бастап имандылық ордасын бұзу жұмысы басталды. Қазіргі таңда мешітті орнынан сүру жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарға сай күз мезгіліне дейін жаңарған, жаңғырған мешіт ел игілі үшін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Негізінен мешітті бұзып қайта салу туралы имамдар бірнеше рет облыс және қала әкімдігіне ұсыныс білдіріп, хат жолдаған. Көмескі тартқан көне ғимараттың орнына қала халқы біршама уақыттан бері заманауи мешіт-медресе комплексін салу керектігі жөнінде мәселе көтеріп келген.

«Көп тілегі – көл» деген, ұсынысы ескеріліп, жергілікті билік өкілдерінің тарапынан қолдау тауып отыр. Шариғат бойынша бұзылған мешіт орнына тек саябақ немесе жаңа мешіт салынуы керектігін атап өткен Рашид Аюпов діни көзқарастағы тұжырымды ойды назарға алып отыр.

Қала басшысының сөзіне сүйенсек, қала имамы Жүсіпбек Қасымбековпен келісімнің нәтижесінде мешітті Түркия инвесторы келіп салатын болады. Негізгі қаражат көзі инвестор, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер де игі іске үн қосуға жұмыла атсалыспақ.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы