Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Біріккен Араб Әмірліктеріндегі іс-сапары аясында, Абу-Даби қаласының басшысы Саиф Бадер Аль Кубайсимен кездесті. Жұмыс сапары барысында екіжақты достық келісім артып, Абу-Даби басшысы бауырлас қала болуға ниетті екендігін білдірді. Ол түрленген Түркістан үшін бүгінде аса маңызды – инвестиция тарту, туризм, цифрландыру, білім және спорт салалары бойынша тәжірибесімен бөлісіп, ынтымақтастықты жандандырмақ ниетте.
Сонымен қатар, Р. Абатұлы АбуДабиде орналасқан “TwoFour54 group” медиа-хаб басшыларымен жүздесті. Түрлі жобаларды талқылаған басшылар өңірімізде дін, мәдениет, тарих, ғылым бағыттары бойынша кино түсіру мүмкіндігін де сөз етті. Бұл ой іске асса, рухани шаһар киноиндустрия саласына да үлес қосып, осы бағытты дамытатын мүмкіндік туады.

Рашид АЮПОВ