- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақ халқының мақтанышы, Абай Құнанбайұлының туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев заңғар тұлғаның мерейтойын өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Оны жас ұрпаққа таныту, ақынның өзі армандағандай «жан-жақты жетілген толық адам» бола білу парыз. Өнегелі әрбір сөзі ұлы ұстаздың ұлан-ғайыр мұрасы, тәлім-тәрбиелік сөздері –ұрпақтың мәңгілік қорегі, ешқашан адастырмас бағдаршамы.
Батыс, шығыс әдебиетінен мол сусындаған поэзиясы қазақ халқының асыл қазынасына кәусар бұлақ болып құйылып, бүгінгі заманымызда да рухани игілікке айналып отыр. Өлеңдерінің өміршеңдігі оның халықтығы мен реалистігінде жатыр. Филосов осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға жаңа өмірге бейім болуға шақырды. Ел жұртын түрлі өнерді үйренуге, қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге үгіттеді.
Ұлы ойшылдың мұрасы парасатты патриотизмнің мектебі. Сондықтан ақынды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Қазақ елі барда Абайдың есімі мәңгі өшпейді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің абыройы арта берері сөзсіз.
Лиза ШАМЕТ,
қалалық мәдениет үйінің директоры.