- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың 175 жылдығына орай өз мақаласын осылайша қорытындылап, ой тастау арқылы елім, жұртым деген әрбір патриот азаматтың жүрегіне үндеу салды.
Мемлекет басшысының жақында жарық көрген мақаласы халықтың әдебиеттен рухани азықтан шөлдеп, шөліркеп тұрған тұсына тұспа тұс келді деуге болады. Дамыған заманда, рухани жаңғыру кезеңінде ең алдымен қоғамдық сананы оятып, ұлы ойшылдың әрбір сөзінен нәр алып, жаңғыру қажеттілігін өте орынды жеткізді.
Бұл мақалада қаншама жыл өтсе де өлеңдері мен шығармаларын оқи отырып, осы кезеңнің өмірі мен өмірдегі түйіткілдерін көре білген көрегендігіне тамсанатынымызды, таңырқайтынымызды және оны өз ісімізде де қолдануға шақырады. Ақын дәл осы кезеңді көріп, біліп жырлағандай ел болып көтеріп жүрген, көріп жүрген мәселелерді дәл сол кезеңде жазып кеткен көрегендігін айқын көрсеткен Президент. Заман шындығы, қоғам көрінісі, алауыздық пен татулық, мансапқорлық пен адамзат жауының не екендігіне дәл әрі нақты пікір, өткір көзқарас білдірген. Абай сөзінің бүгінгі заман үшін көкейтестілігін, қай тұсынан тағылым алуға тиіс екендігін де анық бере білген. Мақалада оның шығармаларындағы ең бір басты мәселе және рухани жаңғыратын тұсы ол- білімге құштарлық, адамзат баласына жол көрсете білуі, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», жастарды оқу білімге құштарлығын оята білген, тіл үйренуге деген қажеттілік, жалқаулық пен енжарлықтан бас тарту қазіргі қоғамда жастарға ең қажет дүние екені айшықты жеткізілген.
Президентіміз өз мақаласында Елбасы Н.Назарбаевтың «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың дара тұлғаға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі деп, келтіре отырып, еліміздің тізгінін ұстап, халқымызды басқарған және осы кезеңде басқарып отырған екі ұлы тұлғаның да Абай өлеңдерімен халқымызды, Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақырғандығын және сол әдіспен басқаруларында үлкен мән жатыр.
Мақала халықтың жүрегінен орын алатынына сенімдімін. Өзім Абай Құнанбаев еңбектерін сүйіп оқитын адам ретінде мақаланы оқып отырып әрбір сөзге мән бере отырып, келесі ой не туралы болады екен деген қызығушылық жетелеумен, аса ыждығаттылықпен, тұжырымды әрі саф алтындай салмақты ойлармен тұщымды жазылғанын аңғардым. Мақаланың тарихи, әдеби, саяси-мәдени және стратегиялық маңызды дүние екендігіне күмәнім жоқ.
Инара НАМАЗБАЕВА,
«Қуаныш» ЖШС-нің директоры, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.