
Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Түркістан қаласының кәсіпкерлері, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының ауыл шаруашылық тауар өнірушілері және «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өздерінің тауарларын шығарды.

Жәрмеңкеге 13 астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 2,667 млн. теңгені құрайтын 19,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Отандық өнімдер қала тұрғындарымен қонақтарға базар нарқынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылды. Шарада көкөніс пен жеміс-жидектен бөлек, сүт, балық нан өнімдері саудаланды. Аталған іс-шара алдағы уақытта өз да жалғасын табатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Барлығы да арзандатылған отандық өнімге қызығушылық танытты.
