СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР
2019 жыл түркістандық спортшылар үшін жемісті жыл болғаны анық. Азия біріншілігінде 81 келі салмақ дәрежесінде дзюдошы Айдар Арапов чемпион атанса, +100 келі салмақта Бейбарыс Әдбіғани қола медаль еншіледі.


Таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионатында Балнұр Спабек 52 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. 56 келі салмақ дәрежесіндегі Асхат Тастанбек Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы XVIII Халықаралық бокс турнирінде I орынды иеленді. 81 келі салмақта дзюдошы Айдар Арапов Алматы қаласында кадеттер арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өткен «Fujairah open G1» Халықаралық турнирінде 63 келі салмақта Арман Серікұлы ІІ орынды иеленсе, өткен жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Нұрлан Мырзабаев 80 келі салмақта ІІІ орынға табан тіреді.

Таеквондошы Нұрлан сондай-ақ, ҚР кубогінің жеңімпазы атанды. Өскемен қаласындағы 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан ҚР чемпионатында түркістандық Әділжан Жандарбек 63 келі салмақта алтыннан алқа тағынды.
«TÙRKISTAN BIKE» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ


«Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры бастаған «Tùrkistan Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасы өз жұмысын бастады. Жобаны тесттік режимде іске қосу аясында «Velocity.kz» қоғамдық қоры қала аумағында 40 велосипедке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 5 велостанса орнатып, сату орталығының жұмысын іске қосты.