ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

1  384 көрілім

   Түркістан қаласындағы «Азиз, «Қуаныш» базарлары мен Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасы және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өрттің алдын алу шаралары пысықталды. Бұл өткізілген шараға Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 5 техникасы мен 35-ке жуық жеке құрамының қатысуымен аталған базарлардағы сауда орындарында өртке қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізілді.

   Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен зардап шегіп жатқан жандарды жиі естіп жатамыз. Сондықтан мұндай тосын жайға тосқауыл қою мақсатында қаламыздағы халық көп шоғырланатын «Қуаныш», «Азиз» базарларында өткізуі заңдылық. 

Бұған дейін де Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен қазіргі қысқы маусым кезінде тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау бағытында қала тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенінен хабарымыз бар. Сондықтан сақтансаң сақтаймын дегендей, өрттің алдын алу бағытында тұрақты осындай шаралардың өткізіліп тұруы құба құп деп білеміз.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы