ПЕДАГОГ АБЫРОЙЫНЫҢ БИІК БОЛУЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

875 көрілім

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп қабылдау қажет деген тапсырмасын басшылыққа алған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы педагогтардың мәртебесін көтеруде, кәсіподақ белсенділерімен бірлесе отырып жан – жақты жұмыстар атқаруға барлық күш – жігерімен кірісті.

Педагог кадрлардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, ұстаздардың Заң аясында қорғалуын қамтамасыз етілуін қамту мақсатында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жиналыс, семинар, «Дөңгелек үстел», пікір талас, кездесулер ұйымдастырылып, анкеталық сұрақ – жауаптар алынды. Кәсіподақ комитеті келелі пікірлерді ескерді. Кәсіподақ белсенділері ұстаздар қауымымен етене араласа отырып, олардың тұрмыс – тіршілігімен танысып, пікірлесті. Осындай нәтижелі жұмыстар жүргізе отырып педагогтардың өтініш, талаптарын Үкіметке жеткізуде жоғарғы басшылық пен ұстаздар арасында «Алтын көпір» орнатты.

Елбасының мұғалімдердің құқықтық мәртебесін арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында да қозғалды. Мемлекет басшысы ұстаздардың мәртебесін арттырумен бірге білім сапасын жақсарту, отбасы және бала институтын қолдауды да тапсырды. Жаңарған, өркениетке қадам басқан Қазақстанның жас ұрпақтарын тәрбиелеуде, білім сапасы жаңа сипатқа көшіп жатқанда мұғалімдерге, мектепке қойылатын талапта жоғары болатыны белгілі.

Дамыған елдер қатарына кіру білім саласына жүктелетін үлкен жауапкершілік. Сондықтан да білім мәртебесін арттыра отырып, ұстаздардың беделін арттыру – біздің қоғамдағы кезек күттірмес бірінші мәселе. Осы орайда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашеваның «Ұстаздың қоғамдағы беделіне бәріміз жауаптымыз» деген тақырыптағы сұхбатында ұстаздар қауымының мәртебесін көтеру мәселесі барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ комитеттерінің көкейінде жүрген келелі бастамалардың бірі екенін ерекше атап өтіп, педагог мәртебесін арттыруда заң талаптарын жүзеге асыру мәселелеріне жеке – жеке тоқталғаны атқарылып жатқан жұмыстың үлкен нәтижесі.

Тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарының тынбай еңбектенуі ұстаздар қауымы үшін жасалынып жатқан игі шара. Педагогтардың әлеуметтік кепілдіктерін шешуге жауапты жергілікті және атқарушы органдар. Аталған органдарға үкімет үлкен жауапкершілік жүктеді. Осындай келелі мәселелерді жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып шешуге кәсіподақ ықпал етіп, атсалысуымыз қажет. Жалпы алғанда кәсіподақ өкілдерінің басты мақсаты: бірлік пен тыныштықты, сабырлылық пен мәдениетті ұштастыра отырып, жоғары табысқа жету. Ұжымдағы алауыздықпен күресе отырып, бейбіт бітімгерлікпен жұмыс атқару. Сондықтан кәсіподақ – ұстаздар қауымының рухани–моральдық, әлеуметтік–тұрмысының құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін бірден бір қоғамдық ұйым екенін ұмытпауымыз керек.

Д.ТУРМАНОВА,

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы