ЖҰМЫСШЫ ТОП ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІ БАҚЫЛАДЫ

1  093 көрілім

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында құрылған жұмысшы топ өкілдері Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктерді бақылады. Жұмысшы топ құрамында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, қалалық мәслихат депутаты М.Қорғанбаев, «Жолаушы» ЖШС мекемесінің директоры М.Жұмагелдіұлы, «Шапағат» қоғамдық қорының төрағасы Е.Шалтан және тиісті сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қала көлемінде тұрғындарға 125 үлкен автобус пен 145 шағын автобус қызмет көрсетеді. Олардың бүгінгі таңға 26-ы жаңаланған. Жұмысшы топ мүшелері Тәуке хан даңғылы бойындағы «Қуаныш» орталық базары маңындағы аялдамада қоғамдық көліктердің жайлылығын тексеріп, қала тұрғындарымен тілдесті. Сонымен қатар, жолаушыларға мүгедектердің негізгі санаттары үшін қол жетімділік жағдайы туралы сауалнама жүргізді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы