- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Бүгінгі «Біздің сұхбат» айдарының қонағы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Алмасбек Темірбаев болмақ. Ендеше, Алмасбек Темірбаевпен өрбіген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынбақпыз.
– Еліміздегі көшбасшы болып табылатын «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасының Қазақстанды өркендету жолындағы тың бастамалары бүгінде жүзеге асып, халықтың қолдауына ие болуда. Осы тұрғыда партияның қалалық филиалы тарапынан қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз?
– «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының өсімі аумақта 160 мыңнан астам халықтың бүгінгі таңға жұмыс жасындағыларға шаққанда 10 пайыздан астамы партия қатарына мүше болып енген. Демек, сапалық құрамы жақсарды, барлық мекеме мен бөлім басшылары партияның белсенді мүшесі деп айтуға болады. Бүгінгі таңға партия филиалының бюросында қаралатын жылдық жоспар жасалып, саяси кеңес мүшелеріне өздерінің келісімі мен партияның қоғамдық жұмыстарын атқару міндеттелді. Онда ішкі одақ жұмысына бақылау мен практикалық көмек беру жағы қарастырылған. Осындай игі жұмыстардың нәтижесінде саяси кеңестің бюросы белгіленген жоспарға сай өтіп, күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен өз деңгейінде қаралып келеді. Бұл жұмыстар партия мен оның саяси бюросының беделін арттыра түсуде.
Бастауыш партия ұйымы атқарған жұмыстарына бюро бағыт-бағдар берумен қатар партияға мүшелікке қабылдау, оларға салтанатты түрде партия билеттерін тапсыру шаралары өткізіліп тұрады. Ал, филиалдың кадрлық құрамына келетін болсақ – «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы өз қызметін партияның бағдарламасына, жарғысына және қалалық филиалы туралы ережеге сәйкес жүргізіп келеді. Қалалық филиалдың аппаратында 3 штаттық бірлік бар. Қызметкерлердің функционалдық міндеттері мен филиал аппаратында жүргізілетін іс-қағаздарының құжаттамалары бекітілген.
– Бүгінде азаматтардың мұқтаждықтарын шешу – партияның өзекті міндеттерінің бірі екені даусыз. Бұл бағытта нендей жұмыстар атқарылуда?
– Партияның қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс атқарып, олардың күнделікті мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Былтырғы жылды есептегенде, бүгінгі күнге дейін «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы 272 азамат түрлі мәселелермен келді. Олардың 53-і жазбаша өтініштер жолдаса, 82 азаматқа заң тарапынан түсініктер, кеңестер берілді. Олардың оңтайлы шешілгендерінің саны 170-ті құрайды. Сонымен қатар, Түркістан қаласы бойынша қалалық мәслихат депутат-тары 18 адам болса, депутаттық фракция мүшелерінің саны 17.
Мәслихаттағы 18 депутат өздерінің келісімі бойынша бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдаулар өткізіп тұрады. Қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция тобы жұмыс жоспарына сәйкеc жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз білесіздер, қалалық филиал жұмысының ауқымы кеңейіп, филиал жанындағы қоғамдық негізде жұмыс атқаратын комиссиялардың жұмысына талап күшейді. Осы мақсатпен жұмыс істеу қалалық филиалдың негізгі міндеті болып отыр.
– Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары мен белгілі кезеңдердегі жариялаған мемлекеттік бағдарламаларының қала көлемінде атқарылуы туралы айтып өтсеңіз?
– «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы өз қызметін партияның жарғысы мен бағдарламасына, партияның орталық аппараты мен облыстық филиалының нұсқаулары мен тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды тұғырнамасы, партия төрағасы Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларын, «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасын, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, 5 институционалдық реформа, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы», «Ұлы даланың жеті қыры» тапсырмаларын орындау мақсатында кешенді шаралар, жүйелі жұмыстар өз деңгейінде атқарылып келеді.
– Елбасының бастамасымен Түркістан қаласы тарихының облыс орталығы ретінде жаңа кезеңі басталды. Жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер және басқа да бірнеше жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Осы тұрғыда өз ойыңызды білдірсеңіз?
– Түркістан – ер Түріктің бесігі саналатын құтты мекен. Ал Түркістан облысының құрылуы рухани жаңғырудың бір белесі деп білемін. Қазақстан бүгінде үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды. Біз әлемдегі жедел дамып келе жатқан елдердің қатарындамыз. Осы аталған бағытта қасиетті қаламызда атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантарлық. Бұл ғасырларда болатын ұлы тарихи жаңалық. Түркістанда қазақтың бар тарихы жатыр. Мұндағы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесіне жыл сайын алыс-жақын шет мемлекеттерден 1 млн-ға жуық туристер мен қонақтар келеді. Қалай айтқанда да, қаламыз облыс орталығы атанып жатқанда соған сай, көрікті, таза болуына барша түркістандықтар болып атсалысуымыз қажет деп білемін.
– Биыл «Nur Otan» партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Сонымен қатар, еліміздің бас қаласында Мемлекет басшысы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның кезекті XVIII съезі өтті. Аталған жиынға сізде қатысып қайттыңыз, алған әсеріңізбен бөліссеңіз?
– Биылғы жыл «Мәңгілік елді» тұғырландыруға бағытталған аса маңызды оқиғалармен басталып отыр. Қазақстан дамуының қарышты қадамдары мен жаңа міндеттері алға шығарылып, оның табысты орындалуын талап етеді. Елбасы партияның кезекті XVIII съезінде: «Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін бізге батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе, өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қоятын едік. Осындай ұлы мақсатты көздеген «Nur Otan» партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты ілгерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналды», – деген еді.
Сонымен қатар, сол жиында барлық нұротандықтар нағыз патриот және абырой-беделі кіршіксіз болу керектiгін атап өтті. Партияның халық алдындағы беделі тек орталықтағы кең ауқымды акциялармен немесе іс-шаралармен ғана өлшенбейтінін, партияның келбеті қарапайым қазақстандықтардың көз алдында жергілікті жерлердегі күнделікті жұмыстармен қалыптасатынын жеткізді. Бастауыш партия ұйымдарының қызметі жергілікті жерлердегі және өңірлердегі мәселелерді оң шешуге қабілеттілігімен дараланатындығын атап өтті. Бұл өз кезегінде барша нұротандықтарға үлкен жауапкершілік жүктейтін болады.
– Бүгінде қасиетті шаһарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы тұрғыда халық қалаулысы және партия өкілі ретінде қаладағы құрылыс жұмыстарының сапасына қаншалықты бақылау жасап келесіздер?
– Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын, ашықтығын, қолжетімдігін және есептігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық-партиялық бақылаулар жүзеге асырылуда. Қаламызда салынып жатқан құрылыстар, әсіресе әлеуметтік нысандар бақылаудың тізімінде. Осы жылы осындай мәселе төңірегінде бірнеше рет рейдтік шаралар жасалды. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша орындалып келеді. Аталған бағыт партияның қалалық филиалы Түркістандағы түрлі диалог алаңдарында Ұлт жоспарын іске асырылуын қамтамасыз етуде. Мемлекетіміз тәуелсіз ел болып еңсесін тіктей бастады. Халықаралық деңгейде әлемнің алпауыт мемлекеттерімен бәсекелес бола алатындай қабілеттілігін көрсетті. Әсіресе, тарих қойнауында жатқан рухани мұрамыз қайта жаңғырып, өзінің лайықты орнын тапты. Қалалық партия филиалы, партия алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында халық пен партия арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып, саяси жұмыстарды іске асыруда бірқатар жұмыстар атқарып келеді.
Биыл біз бір ғасырға татитын 28 жылда ауызбіршілігіміздің арқасында бүгінгідей үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Ендігі мәселе, біз осы күнге дейін жеткізген татулығымызды одан әрі нығайта түсуіміз керек. Кең байтақ елімізде баршамызды біріктіретін ортақ ерекшеліктеріміз бар. Ол – біздің тарихымыз, мәдени мұрамыз бен мемлекеттік тіліміз. Сондықтан, әрбіріміз осындай мемлекетте ынтымақпен күн кешіп жатқандығымызды мақтанышпен айтуымыз керек. Және де баршамыз болашақ жастарымызға ел бірлігін насихаттай отырып, олардың бойларындағы патриоттық сезімін арттыруға атсалысуымыз қажет.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан:
Қуаныш ТАСЫБАЕВ,
«Түркістан».