ОБЛЫС ӘКІМІ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

1  068 көрілім

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымымен кездесіп, ерекше мәртебеге ие болған оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын осынау айтулы қуаныштарымен құттықтады.

– 2020 жыл жағымды жаңалықпен басталды. Президентіміз Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды. Осы айтулы оқиғамен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бауырлас екі елдің достығының айқын көрінісіне айналған осы оқу ордасы еліміздің ең алғашқы халықаралық оқу орны болып саналады, Түркістан үшін университеттің маңызы өте зор. Бұл жаңа университет, потенциалы жоғары. Оқытушы-профессор құрамы да жақсы құрылған. Халықаралық статусы бар. Біз, университетті көтермей, Түркістанды көтере алмаймыз! — деген облыс әкімі университеттің Түркістан үшін маңыздылығына тоқталды.

Университет ректоры Болатбек Абдрасилов те оқу орнының ғылыми потенциялына үміт артқан облыс әкіміне ризашылық білдіре отырып, бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жемісін беретініне сенім білдірді.
Жиын соңында ардагер-оқытушылар Б.Нақыпов пен т.ғ.д., профессор С.Тұрдабаев университеттің тарихы мен құрылған уақыттағы ұстаздардың еңбегін атай келіп, оқу орнының басшылығына және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевке алғыстарын білдірді.

“Түркістан-ақпарат”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы