КЕШЕГІ КҮН – БҮГІНГІ ТАРИХ

2  311 көрілім

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Түркістан қаласында 875 көше бар. 2019 жылы қаламыздың жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жалпы 15,51 шақырым жолды күрделі және 69,7 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстарына бюджет есебінен 9 639,6 млн. теңге бөлінген. Осы жұмыстардың нәтижесінде қаламыздың 57,1 шақырым жолы қайта жаңартылып, ал жаңадан 28,1 шақырым жол салынды.

«ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ЖОБАСЫ

Қалаға осы жылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 500-ден астам бейнекамера орнатылды. «Түркістан – қауіпсіз қала» жобасы аясындағы бастама қоғамдағы тәртіпті яғни, түкіру, қоқыс тастау, жолды кесіп өту және жасанды интеллект бойынша адамның көңіл күйін анықтауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың да бірден бір тетігі болмақ.

БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Түркістанда биыл 5 қабатты 17 тұрғын үй пайдалануға берілді. 9 көпқабатты үй мемлекеттік қабылдаудан өткізілуде. Биыл жалпы саны 900-ден астам түркістандық отбасы қоныс тойын тойлады (оның ішінде 660 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін, 336 пәтер – қызметтік пәтер).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы