- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістанда «Сотқа дейінгі іс жүргізу: шындығы және жетілдіру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және облыс әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ басшылығы ұйымдастырған іс-шара қоғамды парақорлыққа емес парасаттылыққа жетелеуді көздейді.
Ғылыми-практикалық конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Н.Шабдар, облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Ресейдің мемлекеттік Әділет университетінің Қылмыстық іс жүргізу құқығы кафедрасының доценті А.Кравцова, Түркия елінен TMSF «Savings Depozit Insurance Fund» басшысы Н.Гюнеш, Өзбекстан еліндегі Ташкент мемлекеттік университетінің доценті С.Муратаев, ҚР Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі, белгілі қорғаушы А.Омарова, ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Қоғамов пен бірқатар заң өкілдері арнайы қатысты. Спикерлер халықаралық жиында қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің тәртібі туралы өз ойларын ортаға салды.
Заң өкілдерінің қатысуымен өткен шарада Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген уәкілетті органдар мен еліміздегі Жоғары Соттың, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері заң аясында диалогтық алаң құрып, үздік тәжірибелерімен ой бөлісті. Конференцияға қатысушылардың назарына рөлдерді департамент қызметкерлерінің сомдауымен түсірілген «1424» көркем фильмі ұсынылып, жас қылқалам шеберлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында салған үздік туындыларымен сайысқа түсті.
Жиын соңында департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен жемқорлық көріністерін астарлы әзілдермен жеткізіп, көрерменнің көңіліне күлкі арқылы терең ой салды. Сотқа дейінгі іс жүргізудегі және құқық қолданудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау мен халықаралық тәжірибелерді зерттеуді мақсат тұтқан келелі кездесу жоспары орындалды.
«Түркістан-ақпарат».