ТҮРКІСТАНДЫ ЖАСЫЛ ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫРАЙЫҚ!

1  572 көрілім

Қазіргі таңда еліміздегі, тіпті бүкіл әлемдегі өте маңызды мәселелердің бірі ластанған ауа, ластанған қала, яғни – экология. Экологияны жақсарту үшін дүниежүзілік ұйымдар қарқынды түрде жұмыс жүргізуде. Соның бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Бұл дүниежүзілік ұйымға әлемдегі 192 мемлекет мүше. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік береді.

БҰҰ-ның жанынан құрылған «Тұрақты даму мақсаттарының» 17 мақсаттарында экология мәселесі енген. Осы ұйымның шешімімен Тұрақты даму мақсаттарын қарқынды дамыту үшін түрлі елде таныстырылып, талқылау жұмыстары жүргізілуде. Біздің елімізде де жүйелі даму үстінде. Қазіргі таңда осыған байланысты Республикамыздың әр қаласында қызу жұмыс жүріп жатыр. Сондай қалалардың бірі – рухани мекеніміз Түркістан.

Түркістан қаласы 2018 жылы Елбасымыздың шешімімен Түркістан облысының орталығы болып бекітілді. Сол уақыттан бастап шаһарымызда небәрі 1 жыл ішінде көптеген өзгерістер орын алды. Түркістан қаласы негізінен экологиялық аймақтар қатарында. Қаламыз дамып жатқанымен, экология мәселесі әлі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатыр. Осы тұста, маңызды 3 мәселені айтуға болады: таза ауа, таза су және жасылдандыру жұмыстары.

Бірінші мәселеге тоқтала кетсем – таза ауа. Қаламызда қыс, күз мезгілдерінен бастап ауа ластана бастайды. Себебі, тұрғын үйлерді жылыту барысында жағылатын отынның түтіні ауаны ластайды. Одан бөлек, қарапайым тұрғындар әлі күнге дейін көмір жағып келеді. Ол үшін газ орнату мәселесін қолға алу керек. Қаланы толық газ жүйесіне қосқан соң, мүмкін ауа да тазарар? Одан бөлек көлік құралдарынан шығатын түтіндер де ауаны ластап жатыр. Бұл ауқымды мәселелерді болашақтың еншісіне қалдырайық. Бастысы қала тұрғындары таза ауамен тыныстаса, денсаулыққа да пайдалы емес пе?

Келесі екінші мәселе – таза су. Қаламыздың көп бөлігі таза сумен қамтылған. Десе де, су – қаламыздың маңызы мәселелерінің бірі. Себебі, шаһардың кейбір аймақтарында су тұзды болып келеді. Ол адам денсаулығына кері әсерін береді. Сол мақсатта суды тазарту барысында қарқынды жұмыс жүргізсек жағдай едәуір жақсарады. Қала тұрғындары үшін ең маңыздысы ол – су. Сондықтан да, күнделікті тұтынатын суды экологиялық мәселе қатарына қостым.

Біздегі үшінші мәселе – қаланы жасылдандыру. Түркістан қаласы облыс орталығы болғандықтан қаланы жасылдандыруды – алғашқы атқарылатын жұмыс ретінде қарау керек. Қазіргі таңда ағаштар мен шыршалар егу дамып келе жатыр. Ағаштарды көптеп отырғызсақ ауа да тазарады, қаламыздың көркі де кірер еді. Осы жасылдандыру жұмыстарына еріктілерді тартып, олар үлес қосып, қызығушылықпен жасаса – бұл да бір үлкен жеңіс деп есептеуге болады.

Елімізде қазіргі таңда жасыл қала және ең таза қала ол – Орал қаласы. Неге бұл атаққа Түркістан қаласы лайықты емес? Ол үшін әрбір адам жанашырлық танытып, қоқысты белгіленген орындарға тастаса қала тазаланады. Ол үшін арнайы қоқыс тастайтын жаңа экологиялық қоқыс тастау орындары орнатылды. Ол да таза қала болуымызға үлкен көмек.

Мен осы тақырыпта неге үш мәселені қозғадым? Себебі, осы үш мәселе «Тұрақты даму мақсаттарында» қозғалған ауқымды мәселе. Осы «Тұрақты даму мақсаттарын» қарқынды түрде дамыту бағытындағы жұмыстарға барша жастарды шақырамын. Ендеше, өмір сүріп жатқан ортамызды, қаламызды бәріміз бірге дамытайық, бірге көркейтейік!

Ғайни АМАНЖОЛ,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 3-курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы