АБАЙ ҚАЗАҚТЫҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ

1  139 көрілім

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Әлемдік мәдениетте ұлы ақынды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршамызға ой салуы тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық екеніне тоқталып, ағартушының әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы қайталанбас тұлға болып саналатыны туралы ой қозғады.

Қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ендігі жерде ел болудың кепілі – дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Ақын халықтың келешегін ойлап егілген, сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да аз емес.

Биыл Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл. Соған орай Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Ол бойынша Халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлердегі 500-ге жуық шара қамтылмақ. Мерейлі күнді «ЮНЕСКО» мен «ТҮРКСОЙ» ұйымы аясында атап өтілмек.

Гүлжан ӘСІЛБАЕВА,

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы