ТҮРКІСТАН: БИЗНЕС ОРТАҒА 5/6 G ЖИІЛІГІНІҢ ӘСЕРІ КӨП

22 көрілім

2027 жылы 5G және 6G желі технологиялары одан әрмен дамып, бизнес ортаны өзгертеді деген болжам бар. Бұл болжамның ақиқатқа айналып, жасанды интеллект кәсіпкерлер игілігіне жұмыс жасауы мүмкін. Осы орайда 5G және 6G желі технологияларының даму жолын өңір тұрғындарының назарына ұсынып отырмыз. Оған әсер ететін басты фактор — IEEE [Institute of Electrical and Electronic Engineers (Электротехника және радиоэлектроника бойынша инженерлер институты)  деген жергілікті есептеуіш жүйелерге арналған стандарттар жасаумен айналысатын америкалық коммерциялық емес ұйым IEEE [Institute of Electrical and Electronic Engineers (Электротехника және радиоэлектроника бойынша инженерлер институты) осы мамырда модернизацияланған стандарт енгізетіні. Әзірге 6G технологиясы іске қосылған жоқ. Десе де, кей операторлар сымсыз байланыс станларттарына инвестиция салуды бастап кеткен. Бірақ 6G қолданатын өнімдердің шығуына әлі ерте. Ал енді 5G желісі туралы айтсақ. Бұл — жылдамдығы жоғарырақ, байланыста үзіліс өте сирек болатын, байланыс та сенімдірек жаңа заман технологиясы. Соның арқасында көлемді деректерді секундта өңдеуге мүмкіндік бар. 2024 жылы перифериялық есептеу, заттар интернеті (IoT), виртуал және толықтырылған реалити технологиялары саласында көбірек қолданылады деген болжам бар. Осылайша 5G бұрынғыдан да интеллектуал және көп функциялы бола түседі. Біле білсеңіз, AR және VR салалары үшін 5G-дың маңызы зор. Өйткені жылдамдығы өте жоғары байланыс аса қажет. Сонда ғана қолданушылар интерактив виртуал әлемге оңай еніп кетеді.  

Жоғарыда айтылғандардан басқа, жасанды интеллект технологиясын дұрыс қолдана отырып, компаниялар төмендегідей мүмкіндікке ие болады (1, 2, 3):

жұмыс сапасын арттыру және тәжірибе жинақтау;

жасанды интеллект жүйелері дұрыс орнатылған жағдайда қателер мен «адам факторынан» аулақ болу;

когнитивті технология нәтижелеріне негізделген бизнес шешімдерін қабылдау жылдамырақ жүру;

деректердің үлкен көлемін талдау;

сату мүмкіндіктерін барынша арттыру.

Жасанды интеллект, машинаны үйрету және робототехник салаларындағы жетістіктерді біріктіре отырып, HMI адамдардың күнделікті өмірін жақсартып, технологиялардың қолданысын өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласынан бастап, ауыл шаруашылығына дейін биотехнологияларды пайдаланып, түрлі салада небір революция жасай алады. Арнайы Түркістан облысының тұрғындары үшін 2024 жылы қандай басты технологиялық және бизнес-трендтер болатынын шолып шығайық. Сол басты технологияларға тоқталып өтсек: Биотехнологиялар мен оператор-адам жобалары.

Биология мен технологияны біріктіріп, өмірімізді жақсартуға көмектесетін жаңа өнімдер мен процестер ойлап табуға бағытталған сала — биотехнология. Әлемдегі түрлі түйткілді де осы биотехнологиялардың көмегімен шешуге болады. 2024 жылы биотехнологиялар генді өңдеу, синтетикалық биология, жекелендірілген медицина салаларында қарқындырақ кірістіріледі деген болжам бар. Жекелендірілген медицина, гендерді өңдеу және CRISPR диагностика, машинаны үйрету, жасанды интеллект, дің жасушаларының технологиясы, тіндік инженерия және биопринтиң, көлемді деректер және жаңа дәрі-дәрмектер жасау сынды бірнеше биотехнологиялық бағытты қамтуы мүмкін. Денсаулық сақтау саласынан бөлек, биотехнологиялар ауыл шаруашылығына жаңа мәдениет қосып, энергетика саласында жанармай түрлерін тиімдірек әрі экологиялық түрлеріне өзгертуі ғажап емес.

Сондай-ақ, Human-machine interface жобасы да ХХІ ғасырдың озық жаңалығы. Адам мен машинаның әрекеттесуі (Human-machine interface, HMI — оператор-адам мен оның басқарып отырған машиналарының әрекеттесуін қамтамасыз ететін инженерлік шешімдер) адамдардың технологияларға деген көзқарасын өзгертіп жатыр дейтін сарапшылар бар. Бұл — жаңа сала. Мұның мақсаты — адамдардың технологиялармен жақсырақ тіл табысып, дөп түсінісуін қамтамасыз ету. Сондықтан 2024 жылғы трендтерге мұны да қостық. HMI әсіресе Natural Language Processing, яғни NLP, ымды түсіну, нейрокомпьютерлік интерфейстер сияқты салаларда көбірек қолданылады. Осылайша интерфейс қолданушыларға бұрынғыдан да түсініктірек бола түседі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы