ТҮРКІСТАН: «АҚЫЛДЫ» ДӘРІЛЕР МЕН 3D-БАСПАЛАР

3 көрілім

«Ақылды» таблеткалар биологиялық ыдырайтын электрониканың перспективті бағыты саналады. Пациент таблетка секілді құрылғыны жұтады. Ол болса, полимер электродтардан тұрады. Олар пилюле қозғалтқыштың орнын басып, қозғалта бастайды. Құрылғы биологиялық ыдырайтын капсулаға салынады. Ішек құрылысына барған соң, таблетка тіндердің жағдайына анализ жасап, бұлшықеттерге тоқ арқылы стимуляция жасайды не дәрі жібереді. Жұмысын атқарып болған соң, ағзадан табиғи жолмен шығып кетеді. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындары үшін медицина саласындағы смарт технологияларға шолу жасап, қадірлі оқырмандар назарына «ақылды таблеткалар» жайлы аз-кем ақпаратты ұсынып отырмыз. Көбіне мұндай смарт дәріні капсулалық эндоскопияда қолданады. Пациент ішіне камера орнатылған құрылғыны жұтады да, сол арқылы капсула асқазан және ішек жолдарының тіндерін суретке түсіріп береді. Осылайша әдеттегі эндоскоп түтіктің жұмысын атқарады.

Десе де, мамандар толықтай эндоскопияның орнын баса алмайды дейді. Өйткені биопсияға материал ала алмайды. Яғни дәстүрлі процедуралармен салыстырғанда мұндай жүйенің диагностикалық мүмкіндігі әлсіздеу. Стэнфордың биотехнологтары денедегі ұсталуы қиын жерлеріне ене алатын құрылғы жасап шығарған еді. Робот жауынқұртқа ұқсайды. Құрт сияқты жыбырлап, созылып-қысқарып отырады. Жауынқұрт секілді қозғалатындықтан, дене сұйықтықтарының кедергісін жеңуге және зерттелетін аймаққа мықтап бекуге мүмкіндік туады. Зерттеу жасағандардың айтуынша, бұл құрылғыны эндоскопия, биопсия, дәрілерді қажет жерге жеткізуде қолдануға болады.   

Сондай-ақ, 2023 жылы тұңғыш рет CRISPR-Cas9 негізіндегі терапияға рұқсат берілгенін де айта кетейік. Ұлыбританияда орақ жасушалы анемия мен бета-талассемияны емдеуге Casgevy деген препарат қолданылады. Мұндай ауру кезінде гемоглобин жұмысы бұзылады. Терапия үш кезеңнен тұрады. Пациент алдымен қан тапсырады. Оның жасушалары ген модификациясынан өткізіледі. Сөйтіп ғалымдар қан жасушасындағы BCL11A генін «сөндіріп» қояды. Жалпы адамда ұрық дамып жатқан кезде ағзада гемоглобиннің ерекше түрі пайда болады. Ген модификацияланған соң сондай ұрық гемоглобині жұмысын қайта бастап, біртіндеп ересек адамның гемоглобинін біртіндеп ауыстыра бастайды. Одан соң қанның өңделген жасушаларын пациентке қайтадан салады. Бұл процесс бас-аяғы бірнеше айға созылады. Ал одан кейінгі терапиялық әсер ұзақ сақталады екен.    

Қазіргі таңда 3D-баспаның мүмкіндігі мол екенін көз көріп отыр. Жасанды ағзалар жасауда да қолданысқа енгізіліп жатыр. Былтыр алғаш рет пациенттің жасушалары негізінде жасанды орган салынды. Америкалық 3DBio Therapeutics компаниясы 20 жастағы бойжеткенге құлақ басып шығарды. Заманауи биопринтерлер орган жасап шығару үшін бірнеше кезеңнен тұратын жұмыс атқарады. Алдымен МРТ және КТ суреттерінің көмегімен компьютерде органның толық үшөлшемді макро және микроқұрылымдарының моделі жасалады. Одан соң пациенттің дің жасушалары іріктеп алынады. Сол арқылы алдағы уақытта оларды бұлшықет, тері, уретрия және т.б. жасушаларға айналдырады. Медицина саласындағы смарт технологияларға шолу жасап, оқырмандар назарына ағзалар мен тіндерді басып шығаратын 3D құрылғылар туралы танымдық мақаламызды ұсынамыз.     

Ғалымдар принтер картриджіне жасушыларды орналастырады. Олар гидрогельдің ішінде сақталады. Сөйтіп басып жатқан кезде биопсия-жасушалар қабаттан қабатқа жылжып, картриджден төсенішке орналасады. Осылайша компьютер бекіткен формаға керілу күшінің әсерінен бірігеді. Енді сол басып шығарылған «бөлшекті» биоортаға орналастырады. Ол жерде піскенше бірнеше апта тұрады.

Ең соңғы процесс — органды салу. Салған соң денеге бітіп кетуін қадағалайды. Аддитив принтерден бөлек, сыяның орнына коллаген қолданатын құрылғылар да олады. Мұндай принтерлер жарадағы жетіспейтін тіндерді толықтырып, шығарып береді. 2023 жылы осындай принтерді Сиднейдегі Жаңа оңтүстік Уэльс университетінің биоинженерлері ойлап тапты. Аустралиялық ғалымдар асқазан және ішек жолдары органдарына бірден жасушы басып беретін прототип таныстырған еді. Аппарат ағзаға эндоскоп секілді енгізіледі. Зақымданған жасушаларды жаңасына ауыстырып береді. Принтер жаңа жасушаларды бірден асқазан және ішек жолдарының түрлі сегментіне тасымалдап жеткізеді.  Осындай жасуша тасымалының шағын инвазив тәсілінің арқасында операция жасамай-ақ қоюға болады. Ота жасалмаған соң, одан кейін ұзақ уақыт қалыпқа келу керек деп те жүрмейсіз. Бұл құрылғы қолдан жасалған тоқ ішекке салынып, сынақтан өтті. Келесі кезеңде оны жануарларға жасап көреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы