ЖЕДЕЛ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

120 көрілім

                   

ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлық ауру) — тыныс алу ағзаларының вирустар және бактериялармен қабынулық  зақымдануы. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. ЖРВИ жылдың суық мезгілінде әр түрлі вирустар: грипп,  парагрипп,  аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустар, парагрипп және т.б. әсерінен дамиды,  қазан айынан сәуір айы аралығында және ақпан айында өршумен өтеді. Микоплазмамен шақырылған  инфекциялар күз айының басында,ал  пневмококкты және стрептококкты  А тобының   инфекциялары көктем айында өршиді.

ЖРВИ  ауа-ташмы, ауа-шаң, тұрмыстық (үйде қолданылатын тұрмыстық заттар арқылы) , алиментарлы жолдар (тамақ, ішетін су) арқылы беріледі. Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс  қақпағында дамиды, яғни мұрында, жұтқыншақ және көмейде, төменгі тынысм алу жолдары- бронх, өкпеде дамиды. Ол  мынадай симптомдармен көрінеді: әлсіздік,жарықтан қорқу сезімі, қалтырау, буын және бұлшық етте ауыру сезімі, бас ауыру, жөтел , тамақта ауыру сезімі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы,  дауыстың қырылдауы, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, кейде құсу, жүрек айну.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, емдәмді ұстану (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ) ұсынылады.  

ЕМІ: ЖРВИ симптомдары пайда болған сәттен  бастап  аурудың асқынуының алдын алу және бактериалды , микст- инфекциялармен  диагностика жасау мақсатында адамдармен қатынасқа түспей , жергілікті поликлиника немесе СВА –ның фильтр кабинетіне фельдшер немесе  терапевт, ВОП қаралу қажет. Науқас өзін- өзі емдеу  және  дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеуі қатерлі асқынуларға (вирустық пневмония, екіншілік бактериалды пневмония, тыныс жетіспеушілігі, менингит, отит, синусит)  алып келуі мүмкін.  Антибиотиктердің вирусты жұқпаға ешқандай әсер етпейтінін және жұқпадан кейінгі асқынулар кезінде ғана  дәрігер-терапевт, отбасылық дәрігер тағайындалатынын есте сақтаған жөн!

Алдын алу шаралары: Дене шынықтыру; Жеке бас тазалығын сақтау ; Салауатты өмір салтын  сақтану (зиянды әдеттерден бас тарту);  Қазан, қыркүйек айларында маусымдық тұмауға қарсы вакцинация; Эпидемия және ЖРВИ  кезінде бетперде тағу.

Түркістан қалалық емханасы

 ОДО №4 бөлім меңгерушісі  Абдрасулова Динара Жұмадуллақызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы