ТҮРКІСТАН: СОҢҒЫ ЖОБАЛАР МЕДИЦИНАНЫ ІЛГЕРІЛЕТЕДІ

4 көрілім

Аз уақыттың ішінде еліміз­де медицина саласындағы соңғы өзгерістердің болуы қуан­тар­­лық жағдай.Мәселен, бүгінде Ден­саулық сақтау министрлігі пациент­терге алғашқы ақпарат беретін виртуалды боттарды енгі­зуге дайын. Медицина саласын­д­а­ғы кадр жетіспеушілігі мәсе­ле­сін шешу және диагноз қою, емдеу әдісін анықтау және қа­теліктерден құтылуға көмекте­сетін дәрігерлердің таптырмас кө­мекшісіне айналдыру. Бұл жаңа­шыл­дық науқастарымыздың сауат­тылығының жоғарылауына, медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы қарым-қатынас дең­гейінің артуына үлес қосады. Егер бұрын дәрігерлер науқасты қабылдаған кезде уақытының көп бөлігін қағаз толтыруға жұмсаса, енді жаңа технологиялар арқылы науқасқа деген көзқарасы басқа болмақ. Түркістан облысының тұрғындары үшін медицина саласындағы  жасалған жұмыстың барлығы тек жаңа дең­гейге өту үшін жасалған бастама деп білеміз және денсаулық сақтау саласындағы соңғы ақпараттарды түркістандық оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Медициналық технологияларды бағалауды жүзеге асыру үшін МТБ ұйымдастырушысы (шетелде бұл тұтастай бір МТБ агенттігі болып табылады) МТБ әдіскер мамандары, ақпаратты жүйеде іздеу мамандары (IT- кітапханашылар), фармакологтар, экономистер, клиникалық кеңес беруші дәрігерлер, этика саласындағы және бағалауға қажетті басқа да мамандардан тұратын көпсалалық топ құрады. МТБ үдерісі – құрылымданған клиникалық мәселені талқылау, ақпаратты жүйеден іздеу, оны іріктеу және сараптау, экономикалық сараптама жасау, шешім шығару және МТБ есептерін дайындаудан тұратын күрделі үдеріс. МТБ есебі рецензияланып, оның соңғы нұсқасы тапсырыс берушіге шешім қабылдау үшін беріледі.

Әр түрлі деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдастырушыларын (менеджерлерді) МТБ нәтижелеріне негізделген шешімдерді қабылдауға үйрету жоспарланған. МТБ нәтижелерін көрсету мақсатында халықаралық конференцияларға қатысу да ойластырылуда. Сонымен қатар, МТБ үдерісіне қалың бұқараны тартқан жөн. Себебі әлемде дәрігерлер, науқастармен жұмыс жасайтын қоғамдастықтар және науқастардың өздері бұрыннан бері және белсенді түрде осы үдеріске қатысуда. Өйткені медициналық технологияларды бағалаудың соңғы нәтижесі денсаулық сақтау жүйесіне, яғни халық денсаулығына әсерін тигізетін шешім қабылдау болып табылады.

Медицина бір орында тұрмай, күн сайын жаңа бір жаңалықтарға кенеліп отырады. Сондай жаңалықтар мен технологияның қарыштап дамуы бір кездегі емдеуге келмеген аурулардан толықтай жазылып шығуға мүмкіндік сыйлауда. Медицина саласындағы ақпараттық жүйе – веб-технология бойынша қызмет көрсететін мамандандырылған медициналық бағдарлама. Қазіргі таңда аурулардың диагностикасы жаңа деңгейге көтерілген. Біз бұл мақалада Түркістан облысының тұрғындарына бүгінгі күннің ең ерекше медициналық технологиялармен таныстырмақпыз.

Ракты анықтайтын жасанды мұрын

Кейбір елдерде науқастан қатерлі ісікті анықтау үшін арнайы үйретілген иттер көмекке келеді. Мұндай иттер адам ағзасынан рак клеткаларын анықтаумен қатар, бір ауруды екінші аурудың түрінен ажырата алатын қабілетке ие екен. Медицинадағы ең танымалы Оңтүстік Кореяның онкологиялық клиникаларының бірінде «жұмыс істейтін» лабрадор-ретривер тұқымынан шыққан Мэрин атты ит. 

Ал Израильде электрониканың көмегімен рак клеткаларын анықтауға болатын «жасанды мұрын» технологиясын жасап шығарған. Науқас арнайы түтікке демін шығарғанда компьютер оның қандай рак түрімен ауыратынын табады. Оның үстіне бұл жасанды мұрын Мэриннің мұрнына қарағанда әлдеқайда жылдам әрі нақты диагноз қоя алады.

Гүл тозаңы арқылы вакцинациялау 

Гүл тозаңы – тыныс алу жолдары арқылыдененің әртүрлі бөліктерінееніп, ас қорыту жүйесі мен шырышты қабаттарға тез таралатын таңғажайып дүние. Оның осындай әсерін Техас университетінің ғалымдары медициналық мақсаттарда пайдаланбақ болған. 

Американың бір топ зерттеушісі ине мен инъекцияның көмегінсіз вакцинациялауға мүмкіндік беретін технологияны ойлап табады. Бұл технологияның көмегімен гүл тозаңына вакцина енгізеді, ал ол өз кезегінде пайдалы препараттарды  адам ағзасының түкпір-түкпіріне жеткізеді.

Фотосына қарап диагнозын анықтау 

Британдық ғалымдар көпшілікті таң қалдырып, түсініксіз әрі абсурд дүниелерді зерттеуге шебер. Бірақ соған қарамастан, олардың ашқан жаңалықтары өте маңызды әрі қоғамға пайдалы. Мәселен, бұл елдің дәрігерлері жақында революциялық медицина технологиясын ұсынған.

Бұл технология генетикалық ауруларды фотография арқылы автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Ол адам келбетінің суретін негізге ала отырып, болашақта денсаулығында қандай кінәраттар пайда болуы мүмкін екендігін де ескерте алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы