ТҮРКІСТАН: ВЕБ-ШАБУЫЛДАР ҚАТЕРІНЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНАМЫЗ?

5 көрілім

Бүгінгі әлемді интернетсіз, гаджеттерсіз және онлайн жүйелерсіз елестету әсте мүмкін емес. Әр адамның күнделікті өміріне дендеп енген ақпараттық технологиялар біздің өмірімізді жеңілдетіп, уақытымызды үнемдеп, жүздеген қызметтерді үйде, кеңседе немесе кез келген жерден алуға мүмкіндік бергенімен оның да өз қауіп-қатерлері жеткілікті. Мәселен, бүкіл әлем электронды қаржылық қызметтерге көшкен. Адамның мыңдаған қажеттіліктері онлайн түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттің әралуан қызметтері де ашық электронды қызметке көшуімен бірге оларға төнетін әртекті қауіптер де баршылық. Мысалы, ақпараттық жүйелерді бұзу, азаматтардың жеке деректерін қолды ету, қаржылық алаяқтық сынды қауіптер әрбір елдің киберқауіпсіздік барынша күшейтуіне алып келді.

Әлемдік индекс бойынша, киберқауіпсіздігі күштілігі жағынан алғашқы орында Израиль тұр. Ал АҚШ та 2003 жылы киберқауіпсіздік стратегиясы қабылданды. Мұндай құжат Германияда 2011 жылы қабылданса, Эстонияда 2013-2017 арналған арнайы құжат қабылданып, жүзеге асқан.

Түрлі кибершабуылдар Қазақстанды да айналып өткен емес. Осы туралы облыс тұрғындарына аз-кем ақпараттар ұсына кетуді жөн санаймыз. Мәселен, жиі веб-шабуылдарға ұшырайтын елдер тізімінде Қазақстан 6-шы орында және пайдаланушыларының саны жағынан мобильдік құрылғыларға арналған троян-бопсалаушылармен шабуылданғандар ішінде 9-шы орында тұр. Бұл бір ғана мысал. Сөйтіп, ақпараттық технологиялармен қатар келген осындай қауіп-қатердің алдын алу да өзге елдермен қатар Қазақстанда өз киберқауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдады. Өткенге көз салсақ, ақпараттандыру мен байланыс аясында ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Және Үкіметке Ақпараттық қауіпсіздік комитетін құруды қамтамасыз ету тапсырылды. Осылайша, елімізде киберқауіпсіздікпен айналысатын арнайы мекеме пайда болды. Бұл, әрине, ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етуде өте маңызды қадам.

Киберқауіпсіздік мемлекеттік маңызы бар әрі ақпараттық уақыттың тудырып отырған талабы болғандықтан кадр дайындау да аса өзекті. Осыны ескерген үкімет жоғарғы оқу орнына түсетін талапкерлер үшін киберқауіпсіздік саласында мемлекеттік грат санын көбейткен. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде әрбір адамның сауатты болуы да маңызды. Мәселен, елдегі барлық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытыла бастады. Бұл да киберқауіпсіздіктің қаншалықты өзекті екенін көрсетсе керек.

Былтыр қазақстандықтар киберқауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан жалпы көлемі 80 млрд теңге қаржысынан айырылды. Бұл туралы сала сарапшысы Медет Турин айтты. Осыған байланысты отандық IT мамандары халықтың қаржылық сауатын арттыратын бейнероликтер мен ойын форматындағы бірнеше қосымша бағдарламалар шығарып жатыр.

Медет Турин, киберқауіпсіздік сарапшысы: – Былтырғы шығынды ескеріп, кибершабуылдың 10 процентіне төтеп бере алсақ, шамамен 8 млрд теңгемізді сақтап қалар едік. Ұсынып жатқан жобамыз азаматтардың небары 15 минут уақытын алар. Бірақ осы аралықта олар өздеріне қажетті 15 сабақ пен пайдалы кеңес алып үлгереді. Кеткен ақшаны қайтару қиын. Сондықтан салдарымен емес, себебімен күресуіміз керек. Медет Туриннің айтуынша, көбі күдік тудыратын сілтемелерге өтіп қана қоймай, белгісіз онлайн-сауда платформаларына айлығы немесе тұрақты табысы түсетін карточкасын бекітіп қояды. Сайтты хакерлер бұзған жағдайда, жеке деректері мен құпия номерлері көрінгеннің қолында кетеді. Мұның алдын алу үшін ақшаны онлайн депозитте немесе виртуалды карточкада сақтаған жөн.  Шалғай ауылдардың өзінде ойын баласынан бастап, еңкейген қарияға дейін әлеуметтік желі мен банк қосымшаларын жиі пайдаланады. Онлайн аударымдар жасайды. Бірақ “жаман айтпай, жақсы жоқ” демекші салдары мен тәуекелдерін ойламайды. Біздің мақсатымыз –  пайдалы ақпаратты қарапайым халыққа қарапайым тілде жеткізу. Көбіне компьютерлерге зиянды бағдарламалар орнатады. Жалған банктерден немесе басқа провайдерлерден хабарлама келіп, QR-код арқылы өтуді сұрайды. Несиелік карталардың құпия сандарын осылай біліп алады.

Қаныш Ашжанов, ҚР ІІМ КПД аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

– Жыл басынан бастап 3 мың 645 қылмыстық іс тіркелді. Бұл нақты интернет-алаяқтық бойынша. Ең көп тараған түрі, бұл онлайн несие, онлайн-сауда, инвестиция және сілтеме. “Фишинг” дейміз ғой енді және полиция немесе банк-қызметкерлері ретінде өздерін таныстыру. Кибершабуылдан қорғану тетігі әзірге әлсіз. Парламент ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заңды күшейтуді көздеп отыр. Енді дербес деректер заңнамасын бұзғандарға әкімшілік айыппұл көлемі 2-3 есе ұлғаюы мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы