депутаттығына үміткер
Султанов Жомарт Ерлепесович
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Султанов Жомарт Ерлепесович, 1979 жылғы 4 наурызда дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1996 жылы Тараз қаласындағы «Тараз мемлекеттік университетіне» (ТАРГУ) оқуға түсіп, 2000 жылы «Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт жаттықтырушысы» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
2001–2015 жылдар аралығында М. Әбенова атындағы жалпы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.
2016–2018 жылдары Шымкент қаласындағы М. Сапарбаев атындағы университетте білім алып, «Бастапқы әскери дайындық мұғалімі» мамандығын меңгердім.
2018–2026 жылдар аралығында Абай атындағы жалпы орта мектебінде бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып білім саласындағы тиісті талаптарға сай жұмыс істедім. Отбасылымын.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің басты мақсатым – Бабайқорған ауылдық округінің дамуына үлес қосу, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және халықты толғандырған мәселелердің шешілуіне атсалысуды басты міндетім деп санаймын.
Ауылдың болашағы ең алдымен білімді ұрпақ пен дені сау қоғамға байланысты. Сондықтан ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасау, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет деп санаймын. Сонымен қатар балалардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік жасап, ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау маңызды.
Тұрғындардың денсаулығы да басты назарда болуы тиіс. Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, медициналық пункттердің жағдайын жақсарту, қажетті дәрігерлер мен медициналық құрал-жабдықтардың болуын қамтамасыз ету мәселелерін көтеремін. Әсіресе балаларға, қарт адамдарға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға медициналық көмектің қолжетімді болуына мән беру керек.
Ауыл тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелердің бірі – жол, ауызсу және электр жарығы. Осы бағытта ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауызсумен тұрақты қамтамасыз ету, электр желілерінің жағдайын жақсарту мәселелерін тиісті орындар алдында көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді мақсат етемін. Сондай-ақ ауыл көшелерінің тазалығы, қоғамдық орындарды абаттандыру және балалар ойын алаңдарын көбейту жұмыстарына көңіл бөлу қажет.
Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту да маңызды бағыттардың бірі. Шаруалардың жер және су мәселелерін шешуге, егістік алқаптарын суаруға қажетті жағдай жасауға, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен субсидияларды тиімді пайдалануға көмектесу қажет. Сонымен қатар ауылда шағын кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жастардың өз кәсібін бастауына қолдау көрсетуге күш саламын.
Жастардың жұмыспен қамтылуы, олардың сапалы білім алып, туған ауылында еңбек етуіне мүмкіндік жасау мәселелері де назардан тыс қалмауы тиіс. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларды көбейтіп, ауыл жастарының қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау маңызды. Сонымен бірге көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін де тұрақты назарда ұстаймын.
Мен үшін ең маңыздысы – халықпен үнемі байланыста болу. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, шешімін күткен мәселелерді аудандық мәслихат деңгейінде көтеру қажет. Әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамай, оның шешілуіне барынша ықпал ету – депутаттың басты міндеттерінің бірі.
Мен ауылымыздың дамуы бір күнде жүзеге аспайтынын жақсы түсінемін. Дегенмен халықпен бірлесе жұмыс істеп, өзекті мәселелерді жүйелі түрде көтеру арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады деп сенемін.
Депутаттық қызметті халықтың сеніміне негізделген жауапты міндет деп білемін. Сондықтан жұмысымда тұрғындардың мүддесін қорғауға, өзекті мәселелерді мәслихат мінберінде көтеруге, олардың шешілуіне ықпал етуге және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға басымдық беремін.
Осы мақсатта бес негізгі бағытты басшылыққа аламын.
Әр аумаққа – әділ даму, әр тұрғынға – қолайлы орта
Қаланың дамуы барлық аумақты қамтығанда ғана нәтижелі болады. Бір шағынауданда заманауи инфрақұрылым қалыптасып жатқанда, екінші бір тұрғын алапта қарапайым тұрмыстық мәселелердің шешімін күтіп тұруы – назар аударуды қажет ететін жағдай.
Осыған байланысты менің ұстанымым – қаланың қай бөлігінде тұрса да, әрбір азамат сапалы инфрақұрылым мен қолайлы өмір сүру ортасына қол жеткізуі керек.
