САУРАН: ОТБАСЫ – ТҮСІНІСТІК ПЕН МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

168 көрілім

Сауран ауданындағы «Отбасын қолдау» орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту және өзара сыйластықты нығайту мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, отбасындағы мейірімділік пен сенімге негізделген ахуалды орнықтыру. Іс-шараға орталық мамандарымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, тәрбие саласының өкілдері, жергілікті қоғам белсенділері және жастар қатысты.

Шара барысында мамандар қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ оны ерте анықтау және алдын алу жолдары жөнінде кең ауқымды ақпарат ұсынды. Қатысушыларға құқықтық қорғау механизмдері, дағдарыс орталықтарына жүгіну тәртібі, психологиялық қолдау алу мүмкіндіктері туралы нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, отбасындағы зорлық-зомбылықтың бала тәрбиесіне, отбасы мүшелерінің рухани саулығына, жалпы қоғамдағы моральдық ахуалға кері әсер ететіні жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның мәселесі, сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды.

Іс-шарада отбасылық құндылықтарды насихаттайтын бейнероликтер көрсетіліп, оның мазмұны төңірегінде қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Әсіресе, жас отбасыларға, ата-ана болуға дайындалып жүрген жастарға мейірімділік пен сабырлылық, түсіністік пен жауапкершілік жайында кеңестер берілді.

Жиын барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін көтеріп, отбасындағы әр адамның өз рөлі мен жауапкершілігін дұрыс түсінуі қажеттігін атап өтті. Тұрмыстық зорлыққа қарсы тиімді күрес – тек құқықтық шаралар ғана емес, адамгершілік, рухани, тәрбиелік негіздегі жүйелі жұмыстар екенін ерекше атап өтуге болады.

«Зорлық-зомбылық – әлсіздіктің көрінісі, ал мейірім мен сабыр – шынайы күштің белгісі» деген ұстаным шараның негізгі идеясын айқындап берді. Отбасындағы жылулық пен татулық – мемлекеттің негізі саналатын ұрпақ тәрбиесіне тікелей әсер етеді.

Сауран ауданындағы «Отбасын қолдау» орталығы алдағы уақытта да осындай тағылымы терең іс-шараларды жалғастырып, қоғамда зорлықсыз өмір салтын орнықтыруға, отбасы институтын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыра бермек.

Түркістан облысының аумағында әр шаңыраққа тең мүмкіндіктер ұсыну тұрғысында жергілікті атқарушы билік тарапынан нақты қадамдар жасалып келеді. Ол үшін арнайы орталықтар құрылып, қоғамдық ұйымдар тарапынан аталмыш мәселеге қатысты оңды әрекеттер ұйымдастырылуда.

Осы ретте айта кетерлігі, халықтың әлеуметтік тұрмысын түзетуді және сол арқылы  отбасылық саясатты бірізділендіру барысында Сауран ауданындағы «Отбасын қолдау» орталығында кездесу өтті. Сапар аясында партия өкілі орталықтың күнделікті қызметімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың мазмұнына жан-жақты баға берді.

Кездесуде орталық басшысы Айжан Нұржаубайқызы отбасылық саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік осал топтармен жұмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы институтын қолдау бағытында жинақталған тәжірибесімен бөлісті. Орталықтың негізгі міндеттері мен жұмыс тәсілдері, сонымен қатар өңірдегі өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша көзқарастар ортаға салынып, пікір алмасу жүзеге асты.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Тараптар алдағы уақытта:

-Отбасылық құндылықтарды дәріптеу;

-Әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсету;

-Әйелдердің және аналардың құқықтарын қорғау;

-Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;

-Мүгедектігі бар азаматтар мен қарттарға жағдай жасау бағыттарында бірлескен жобалар мен іс-шаралар ұйымдастыруға ниетті екендерін жеткізді.

Мұндай тәжірибе алмасу кездесулері мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлесіп әрекет ету тетіктерін күшейтіп, әлеуметтік саясаттың тиімді жүзеге асуына, отбасылық институттың нығаюына және қоғамда ынтымақ пен жауапкершіліктің артуына елеулі үлес қосады.

Сауран ауданындағы бұл кездесу – әлеуметтік даму мен азаматтық қоғам өкілдерінің ынтымақтастығын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Орталық пен партия өкілдері тарапынан көтерілген бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы бірлескен күш-жігердің айғағы болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы