Табиғи монополияларды реттеу саласы – ел тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігін қалыпқа келтірумен тығыз байланысты маңызды бағыт. Тұтынушылар үшін электр энергиясы, жылу, су, кәріз жүйесі мен өзге де реттеуді қажет ететін қызмет түрлерінің қолжетімді әрі тұрақты болуы – жүйелі міндет болып табылады.
Осы орайда аталмыш сала бойынша бақылау жұмыстарын заңнама негізінде жүргізуде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігінің Табиғи монополияларды реттеукомитеті мен оның өңірлік департаменттері үлкен рөл атқарады.
Комитеттің басты міндеттерінің бірі – табиғи монополиялар субъектілері мен тұтыншылар арасындағы тепе-теңдікті сақтап, тарифтік саясатты жүзеге асыру болса, мемлекет үшін осындай аса мәнді қызметті Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті абыроймен атқарып келеді.
Департамент қызметі тарифтік жүйені бекітумен шектелмейді: табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік реестрін жүргізу, табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызмет түрлеріне тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту, инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау, сонымен қатар табиғи монополиялар туралы заңның сақталуын бақылауда ұстау секілді көпқырлы қызмет түрлері де Түркістан облысы департаментінің құзырында. Аталмыш міндеттерді негізге ала отырып, департамент бүгінде табиғи монополия субъектілері тарапынан тарифтік сметалардың орындалу деңгейін қадағалауды жүзеге асырып отыр.
Мәселен, «Қайтпас су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша бекітілген тарифтік сметаның 2024 жылға орындалуы туралы есебіне талдау жүргізіліп, бекітілген тарифтік сметаның шығындар баптарын орындамауы бойынша 1 746 519 теңге көлемінде орындалмаған сомасыанықталып, департамент тарапынан Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабы 5-бөлігінің санкциясымен негізсіз кірістің 10 пайызына, яғни 174 652 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Осы секілді Кентау қаласы әкімдігінің Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Ащысай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнытұтынушыларға жалпы көлемі 408 667 000 теңге мөлшерінде залал келтіргендігі анықталып, Кодекстің 164-бабы 5-бөлігінің санкциясымен негізсіз кірістің 10 пайызына, яғни 40 866 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Осындай құқық бұзушылықтар негізінде «Отырар-НАН» жауапкершілігі шектеулі серітестігіне 721 930 теңге, «АДЕА» ЖШС-не 135 275 теңге, «Уранқуат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Таукент филиалына 1 172 495 теңге, «Уранқуат» ЖШС-не 20264 теңге, «Нұр-су 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 903 049 теңге, «Нұр Кетебай» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативіне 89 550 теңге, «Тазарту-Кентау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 59 357,54 теңге, «АСД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 1 279 911 теңге, «Төлеби ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» «Леңгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 14 657 091 теңге, 683 361 теңге, «Жетісай су» МКК-не 9477448 теңге, «Отырар Қызмет» МКК-не 186310 теңге, «Бәйдібек су» МКК-не 112949 теңге, «Мақтаарал КТ» ШК-не 187140 теңге, 36575 теңге, «Қарамұрт газ» ЖШС-не 686403 теңге, ГКП «Жетісай су» мекемесіне 6725057 теңге, 1038720 теңге көлемінде орындалмаған сомасы анықталып, Кодекстің 164-баптың 5-бөлігі бойынша тиісті мөлшерде айыппұлдар салынды.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті тиісті мекемелерге тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң негізінде айыппұлдар тағайындап қана қоймай, олардың есеп беруін назарға алады. Өйткені, уақытылы берілген есеп – нәтижелі әрі заң алдында ашық жұмыстың алғышарты.
Осы орайда Түркістан облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті келесі табиғи монополия субъектілеріне 2025 жылғы есептерін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейінгі есептерінтапсырмаған және уақытылы тапсырылмағандығын анықтап, Кодекстің 164-бабының 1-бөлігімен тиісті әкімшілік құқық бұзушылық істер қозғап, айыппұлдар салған: «Нұр-су 2050» ЖШС, «Нұр Кетебай» АШӨК, «Ащысай су» МКК, «Stratus-oil» ЖШС, «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК және «Тайқоңыр» корпоративтік қоры.
Департамент тарапынан табиғи монополия субъектілерінің қызметтері бақылауға алынып, айыппұлдар салуының негізгі мақсаты кәсіпкерлікке кедергі болу емес, тұтынушылардың құқықтарының қорғауға алынып, заңның іске асуын қадағалау болып табылады.
Сол себепті де табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифті немесе тарифтік сметаны заң талаптарына сәйкес орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілгендей, мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолданылады. Сондықтан да бұл департамент тарифтердің міндеттерін қарастырып қана қоймай, тарифке қосылған қаражаттың қалай және қайда жұмсалғандығын қадағалап, жоспарланған жұмыстардың орындалуын, сапалылығын және сенімділігін бақылауға алады.
Осылайша, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңіріміздегі тарифтік саясаттың ашықтығын жүзеге асырып, қызмет көрсетуші табиғи монополия субъектілері мен халық арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік беріп келеді.