«БІРЛІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

94 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы Достық үйінде «Бірлік» республикалық жастар лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген белсенді жастар, жастар ұйымдарының өкілдері және Өзбекстаннан арнайы қонақтар қатысты.

Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлсара Тоққұлова, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі жанындағы жастар парламентінің мүшесі Элмурод Эркинов және облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің жетекшісі Нодиржон Хасантаев сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөліне тоқталды.

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Надыржан Хасантаевты алғыс орденімен марапаттап, белсенді жастарға алғыс хаттар берілді. Бағдарлама аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті, көшбасшылық бойынша сертификатталған коуч Диназат Қасымова тренинг өткізді.

Осылайша, белсенді жастарды біріктірген «Бірлік» республикалық жастар лагері достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналып келеді. Айта кетейік, екі күнге созылатын ауқымды жоба жастарға тамаша демалыс сыйлап, табиғат аясындағы сауықтық кештермен жалғасатын болады.

Фарағат СҰЛТАН,

Дана МӘЛІК,

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенттері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы