«AMANAT» АЛАҢЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

37 көрілім

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға Түркістан қаласы, Ордабасы, Созақ және Жетісай аудандарынан келген азаматтар қатысып, өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Айталық, кездесу барысында Отырар ауданы Маяқұм ауылының тұрғыны Зейнәбіл Піртайұлы көше атауына Ұлы Отан соғысының ардагері болған әкесінің есімін беру мәселесін көтерді. Ал Темірәлі Боқашов Созақ ауылдық мәдениет үйіне белгілі күйші-сазгер Сүгір Әліұлының есімін беру және музей мәселесіне қатысты ұсынысын білдірді.

Сонымен қатар, Еркебұлан Ермұханов Түркістан қаласындағы Құлатай ата мешітінің құқықтық жай-күйі жөніндегі мәселесін жеткізсе, Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданының тұрғыны Лаура Қарабалаева отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты өтінішін айтты.

Қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Зилан Челикаслан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы