9 мамыр – адамзат тарихындағы ең маңызды әрі қастерлі күндердің бірі. Биыл Ұлы Жеңіске 81 жылтолып отыр. Бұл күн – сұрапыл соғыста жанынқиған батырлардың ерлігі мен отансүйгіштіктің мәңгі өшпес символы. Жеңіс күні – бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын, өткенге тағзым етіп, болашаққа жауапкершілікпен қарауға үндейтін ерекше тарихи мереке.
1945 жылдың 9 мамырында фашистік Германия жеңіліс тауып, адамзатқа бейбіт өмірдің есігі қайта ашылды. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Миллиондаған адамдар өз өмірін құрбан етіп,болашақ ұрпақтың тыныштығы үшін жан аямайкүресті. Солардың қатарында Қазақстаннан майданға аттанған ержүрек жауынгерлердің де орны ерекше.
Ұлы Отан соғысының басталуы Германиядафашистік биліктің орнауымен және оның Еуропадажүргізген басқыншылық саясатына байланыстыболды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистікГермания Кеңес Одағымен жасалған шабуылжасаспау туралы келісімді бұзып, соғыс жарияламастан ел аумағына тұтқиылдан басыпкірді. Осылайша адамзат тарихындағы ең қанды әрі қасіретті соғыстардың бірі басталды.
1941–1945 жылдар аралығындағы бұл алапатсоғысқа шамамен 35 миллион адам қатысты. Оның ішінде 1,5 миллионға жуық Қазақстандық майданға аттанды. Бұл сол кездегі 18 бен 50 жасаралығындағы халықтың 70 пайызына жуық еді. Қазақстандық жауынгерлер Мәскеу мен Ленинград үшін болған шайқастарда ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Олар Украина, Беларусь, Балтық жағалауы елдері мен Молдованы азат етугеқатысып, Берлинді алуға дейін жетті.
Майдан даласында көрсеткен батырлығы үшін мыңдаған Қазақстандықтар түрлі орден-медальдармен марапатталды. 500-ден астамжауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына иеболды. Төрт Қазақстандық бұл атақты екі мәрте иеленсе, 142 жауынгер Даңқ орденінің толық иегеріатанды. Олардың қатарында қазақтың қаһарман ұл-қыздары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сындыбатырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталады.Ерлік туын желбіретіп, бейбіт күннің көгімізде жарқырауына жауынгер батырларымыздың ерен еңбегін атап өтпеу мүмкін емес.
Бүгінде Жеңіс күні – ардагерлерге құрмет көрсетілетін, олардың ерлігі ұрпақ санасына сіңірілетін тағылымды мереке. Бұл күн бізге бейбіт өмірдің әр сәтін қадірлеуді, ел тыныштығын сақтаудың маңызын терең түсіндіреді. Соғыс зардабын көрген ұрпақтың аманаты – бейбітшілікпен бірлікті сақтау.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Батырлардың жанқиярлығы – ұрпаққа үлгі, елге рух, тарихқа тағылым. Біз олардың алдында әрдайым қарыздармыз.
Жеңіс күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, елімізаман, жұртымыз тыныш болсын!
Сағила Абылайханқызы
Түркісан облыстық Ы. Алтынсарин
атындағы балалар кітапханасының
кітапханашысы
