Нашақорлық – бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл тек бір адамның өміріне ғана емес, оның отбасысына, жақындарына және тұтас қоғамға кері әсерін тигізетін қауіпті індет. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын әлсіретіп, санасын улап, болашағына балта шабады.
Көп жағдайда нашақорлыққа адамдар қызығушылықпен, ортаға еліктеумен немесе қиындықтардан қашудың жолы ретінде барады. Алайда оның соңы өкінішке, денсаулықтың нашарлауына, оқу мен жұмыстан айырылуға, отбасының күйреуіне алып келеді. Бір сәттік әлсіздік өмір бойғы қасіретке айналуы мүмкін.
Әсіресе жастардың бұл қауіптен аулақ болуы өте маңызды. Жас кезде дұрыс бағыт таңдау – болашақтың берік іргетасы. Спортпен шұғылдану, кітап оқу, өнермен айналысу, пайдалы ортамен араласу – жаман әдеттердің алдын алатын сенімді жол.
Нашақорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Отбасындағы тәрбие, мектептегі түсіндіру жұмыстары, достар ортасындағы қолдау – мұның бәрі жастарды теріс жолдан сақтайды. Әр адам өз таңдауы арқылы қоғамның болашағына әсер етеді.
Өмір – ең қымбат сый. Денсаулық – баға жетпес байлық. Сондықтан өз өміріңді улама, жарқын болашақты таңда!
Есірткіге жол жоқ! Болашағың өз қолыңда!
Балнұр ЕРЛАНҚЫЗЫ,
Түркістан облыстық “Фараб” әмбебап ғылыми кітапханасының сектор меңгерушісі