ОРДАБАСЫ: АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

22 көрілім

Ордабасы ауданы – менің туып-өскен жерім. Сондықтан бұл өңірдің әрбір тұрғыны мен олардың көтерген мәселелері мен үшін әрдайым маңызды. Халық тарапынан айтылған өтініш-тілектері назардан тыс қалып жатқан жоқ, олардың кезең-кезеңімен шешілуін өз бақылауыма алып келемін. Осы ретте бүгін өзімнің ауылым – Амангелді ауылындағы тұрғындармен арнайы кездесу өткіздім.

«AMANAT» партиясының жұмыс жоспары аясында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Илияс Еркінұлы, тиісті сала басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін бірге тыңдадық.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, электр қуатының әлсіздігіне байланысты қосымша трансформатор орнату, Руханият және Серпіліс көшелеріне асфальт төсеу, сондай-ақ балалар ойын алаңшасын салу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, ауылда атқарылған жұмыстар да атап өтілді. Өткен жылы тұрғындардың сұранысына сәйкес Амангелді ауылына кіреберіс жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Ғ. Мұратбаев атындағы мектептің сыртқы қасбеті жаңартылды. Аталған жұмыстарға ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді.

Кездесу барысында көтерілген барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Әрбір мәселенің кезең-кезеңімен шешімін табуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өттім.

Халықпен тұрақты байланыста болып, олардың мұң-мұқтажына дер кезінде үн қату – басты міндет.

Ғани Райымбеков,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы