ОРДАБАСЫ: ЕЛШІБЕК БАТЫР ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

24 көрілім

Ордабасы ауданы – менің туған өлкем. Сондықтан өңір тұрғындарының көтерген мәселелері мен ұсыныстары әрдайым менің ерекше назарымда. Халық тарапынан айтылған өтініштер кезең-кезеңімен шешімін табуы үшін тұрақты бақылауға алынып келеді. Осы орайда бүгін Төрткүл ауыл округіне қарасты Елшібек батыр елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткіздім.

Кездесуге ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты. Жиын барысында елді мекеннің бірқатар мәселелері мен ауылға келер жол мәселесі талқыланды.

Аталған елді мекенде құрылысы аяқталған жаңа білім беру нысанын аралап көріп шықтым. Содан соң тұрғындар тарапынан көтерілген негізгі мәселе – ауылға кіреберіс негізгі жолдың жағдайы айтылды. Бұл мәселе өткен жылдан бері бірнеше рет көтеріліп келеді. Мектеп құрылысы барысында ауыр жүк көліктерінің қатынауы салдарынан жолдың сапасы едәуір нашарлап, қазіргі таңда жарамсыз күйге түскені көрдім.

Осыған байланысты бүгінгі күнде тиісті қаржы бөлу мәселесі қаралып, жауапты мердігер ұйымы анықталды. Кездесу орнына мердігерді шақыртып, тұрғындар алдында жолды сапалы әрі талапқа сай етіп жасауы бойынша нақты тапсырма бердім. Бұл мәселе жеке бақылауыма алынатынын жеткіздім.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Ғани Райымбеков,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы