Мемлекет басшысының 2026 жылғы Халықаралық еріктілер жылының ашылуына арналған Волонтерлер форумында берген тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ «Тазару күні» бастамасының жалғасы ретінде Қазақстан Республикасында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы бастау алады.
Аталған акция «Madenietti Mura» жобасы аясында Қазақстанның Азаматтық Альянсы тарапынан жүзеге асырылады және тарихи-мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ экологиялық және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Акцияны жүзеге асыруға Түркістан облысының Азаматтық Альянсы ЗТҚ бірлестігі, Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы және үкіметтік емес ұйым мүшелері белсенді түрде атсалысуда.
Айта кеткен жөн, акцияға 100 түп жеміс ағашы, 30 шырша ағашы, 100 роза ағашы отырғызылды. Акцияның салтанатты ашылуы 2026 жылғы 31 наурыз күні өтті. Іс-шара Түркістан облысында Гаухар ана кесенесі аумағында ұйымдастырылды.
Қазіргі жағдайда тарихи ескерткіштер мен мәдени кеңістіктерді сақтау мәселелері ерекше өзектілікке ие болуда. Аталған акция тарихи және қоғамдық маңызы бар нысандарды тазалау, абаттандыру және сақтау бойынша практикалық іс-шараларды жүзеге асыру үшін азаматтық қоғам, еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және жергілікті қауымдастықтардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Акция аясында мәдени мұра нысандарын тазалау және абаттандыру бойынша волонтерлік іс-шаралар, сондай-ақ жастар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Акция азаматтар, еріктілер және ұйымдардың мәдени құндылықтарды сақтау ісіндегі күш-жігерін біріктіруге және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға бағытталған.
