А.БАЙТҰРСЫНОВ МЕКТЕБІ ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

47 көрілім

Түркістан облысында өткен гандболдан қыздар арасындағы облыстық чемпионатта Түркістан қаласының намысын қорғаған А.Байтұрсынов атындағы мектеп-лицейінің қыздар командасы қарсыластарына дес бермей, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл чемпионат біздің команда үшін ерекше маңызға ие болды. Жас спортшыларымыз жоғары ойын үлгісін көрсетіп, Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.
2026 жылдың 26-27 ақпан күндері өткен облыстық чемпионатқа өңірдің әр ауданынан келген командалар қатысып, өзара шеберліктерін сынады. Жарыс барысында әр команда жеңіске жету үшін бар күшін салды. Дегенмен Түркістан қаласының намысын қорғаған А. Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің қыздар құрамасы ойын барысында ұйымшылдық пен жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.
Жарыстың алғашқы кезеңдерінен-ақ біздің қыздар қарсыластарынан басым түсіп, сенімді ойын өрнегін байқатты. Әсіресе командалық үйлесім мен шапшаң қимыл біздің басты артықшылығымыз болды.
Жартылай финалда біз Түлкібас ауданының құрамасымен кездестік. Бұл ойын оңай болған жоқ. Қарсылас команда да жақсы дайындалған еді. Дегенмен тартысты ойын барысында біздің команда қарсыластарынан басым түсіп, финалға жолдама алдық.
Ал финалдық кездесуде біз Мақтарал ауданының командасымен бірінші орын үшін бақ сынадық. Бұл кезең жарыстың ең маңызды кезеңдерінің бірі болды. Көрермендердің қызығушылығын тудырған бұл матчта екі команда да бар күшін салды. Дегенмен шешуші сәттерде дәл ойын көрсеткен біздің гандболшы қыздар қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды иелендік.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Түркістан қаласы
ІІ орын – Мақтарал ауданы
ІІІ орын – Түлкібас ауданы
Бұл жеңіс – тек бір жарыстың нәтижесі ғана емес, ұзақ уақыт бойы жасалған жаттығулардың, тәртіптің және қыздардың табанды еңбегінің жемісі. Жаттықтырушы ретінде мен үшін ең үлкен қуаныш шәкірттерімнің спортқа деген ынтасы мен жеңіске деген ұмтылысын көру.
Біздің команда енді Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа қатысады. Бұл қыздар үшін үлкен мүмкіндік әрі үлкен жауапкершілік. Олар облыс намысын қорғап, бар күштерін салатынына сенімдімін.
Шәкірттерімнің жеңісі – менің мақтанышым!

Самат ЕРАЛИЕВ,
А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы