СЕМІЗДІК ПЕН АРТЫҚ САЛМАҚТЫҢ СЕБЕПТЕРІ ҚАНДАЙ?

54 көрілім

Семіздік пен артық салмақтың басты себебі – ас үлесінің құнары ағзаның қуаттық қажеттілігінен артық болатын үйлесімсіздігінде. Семіздік – бұл май тіндерінің артық жиналуынан дене салмағының  артуы.

Дене салмағының артық болуының себептері: тағамның жоғары калориялы болуы, құрамында майлар мен көмір-сулардың көптігі, тамақтану тәртібінің дұрыс болмауы және жеген тамаққа жұмсалған дене белсенділігінің сәйкес болмауы, қозғалыс тәсілдерінің өзгеруі мен дене белсенділігінің төмендеуі.

Артық салмақ пен семіздік жүрек-тамыр аурулары, оның ішінде жүрек ауруы мен инсульт, қант диабеті, қимыл-тірек жүйесінің бұзылуы, остеопороз, онкологиялық аурулар және басқа да  ауруларға әкелуі мүмкін.

Дененің артық салмағы дене салмағының индексімен (ДСИ) өлшенеді және келесі  формула бойынша есептеледі: 

ДСИ (кг/м2)=салмақ кг/ бойдың ұзындығына м2

Мысалы: дене салмағы 65 кг, бойы 1,66 см адамның дене салмағының индексі 23,5 болады.

ДСИ ерлерде нормасы: 19-25 аралығында;

ДСИ қыз-келіншектерде нормасы: 19-24 аралығында;

Дененің артық салмағы (семіздікалды): 25,0-29,9

І дәрежелі семіздік: 30,0-34,9

ІІ дәрежелі семіздік: 35,0-39,9

ІІІ дәрежелі семіздік: 40,0 және одан жоғары  

Елімізде зиянды азық-түлік өнімдерін жарнамалауға шектеу бастамалары іске қосылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде дұрыс тамақтану бағдарламалары еңгізілді. Артық салмақпен семіздікке шалдыққан адамдарды тексеріп, қарау және оларды бақылау, МСАК ұйымдарында артық салмақ анықталған пациенттерді қауіпті мінез-құлық факторлары жөніндегі денсаулық мектептеріне жіберу арқылы артық салмақ пен семіздік мәселесін  азайтуға болады.

Артық салмақтың алдын алу үшін не істеуге болады?

– белсенді өмір салтын ұстану маңызды;

– тұтынылатын май мен қанттың көлемін төмендете отырып, ас үлесінің  

   құнарын шектеу;

– дұрыс тамақтану, артық тамақтанудан аулақ болу;

– жемістер мен көкөністерді, сондай-ақ дәнді, астық дақылдармен

   жаңғақтарды тұтынуды арттыру;

– тұрақты дене белсенділігімен ересектер үшін аптасына 150-ден 300

   минутқа дейін, яғни 2,5-3 сағат айналысуға болады.

Салауатты өмір салтын ұстанып, әр түрлі аурулардың алдын алып, денсаулығыңызды күтіңіз!

И.АБДУЖАЛИЛОВ, ТҚЕ №7 ОДО жалпы тәжірибелі дәрігері.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы