Бүгін қаламызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұхтар Ерман, Сәкен Қаныбеков, Мансұрхан Махамбетов, Уалихан Қайназаров, Құдайберген Ержан, Байділдә Жылқышиев бастаған топ арнайы іс-сапармен келді.

Халық қалаулылары қалалық «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында түркістандықтармен кездесті. Онда депутаттар ҚР Парламент жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті.

Кездесу барысында халық қалаулылары еліміздегі көшбасшы «Nur Otan» партиясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, оның ішінде Мемлекет басшысының Жолдауы мен ҚР Үкіметі тарапынан іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламалары төңірегінде баяндады.

Кездесуде халық қалаулыларына қала тұрғындары тарапынан ауылшаруашылық, суармалы жерлерді игеру, білім саласындағы оңды өзгерістер, оның ішінде мұғалім мәртебесі туралы сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.
«Түркістан-ақпарат”.