ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕГІ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

1  148 көрілім

Бүгін қала әкімдігінде шаһар басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен кезекті апталық мәжіліс өтті. Жаңа жыл басындағы алғашқы жиында күн тәртібінде басты үш мәселе қаралды: кәсіпкерлік саласы бойынша негізгі индикаторлардың 2019 жыл қорытындысы бойынша орындалуы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2019 жыл қорытындысы бойынша орындалу барысы және 2020 жылға жоспар, сондай-ақ, 2019 жыл қорытындысы бойынша бюджеттің игерілуі және индикаторлардың орындалуы.


2019 жылдың қаңтар-қараша айына шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 11 442 субъект тiркелсе, оның iшiнде белсендi жұмыс істеп тұрған субъектiлерiнiң саны 10922-ні құраған. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны 25188-ді көрсетеді.


«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспарының орындалуы, аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары 3 бағыт арқылы жүзеге асты. Соның бірі – бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету болатын. Бұл бағыт бойынша қысқа мерзімді қайта даярлауға жалпы 825 азамат жоспарланып, оның ішінде кәсіби даярлауға 481 азамат, ал қайта даярлауға, қысқа мерзімдік оқуға 457 азамат 12 мамандық бойынша оқуға жолданды.


Түркістан қаласы бойынша жалпы 4817 адам әлеуметтік шаралармен қамтылды. Оның ішінде жұмыссыздар, өздігімен жұмыспен қамтылғандар және жұмыс іздеушілер санаттары да бар.


Аталған мәселелерден бөлек, қаладағы жол жүру ақысы бойынша жауапты «Жолаушы» ЖШС-нің атқарушы директорына да халық атынан түсіп жатқан шағымдар да айтылды. Қала әкімі Рашид Аюпов талаптардың келісім шарт бойынша жүзеге аспағанын қатаң ескертіп, барлығын келісім, заң бойынша жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, жер мәселесі бойынша электрондық қызметті қосу, өңірлік шаруа қожалықтарының жұмысын қолдап, сол бойынша жәрмеңкелер өткізуді жандандыру, туризм, білім және автоматтандыру бойынша да нақты тапсырмалар берді.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы