Түркістан облысында монополистерден 387 млн теңге негізсіз табыс анықталды

1  119 көрілім

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2024 жылға арналған тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерге талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде 20 табиғи монополия субъектісі бойынша тарифтік сметаларда көзделген шығындар баптарының толық орындалмағаны анықталды.

Аталған заңбұзушылықтарға жол берген 20 субъектіге қатысты ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған табыстың жалпы сомасы 387 578 344 теңгеге уақытша өтемдік тарифтер (УӨТ) енгізілді. Нәтижесінде, бұл субъектілерге 2024 жылға арналған уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Уақытша өтемдік тарифтер келесі салаларда енгізілді:

  • сумен жабдықтау – 8 ТМС;
  • су бұру – 4 ТМС;
  • жылумен жабдықтау – 6 ТМС;
  • кірме жол қызметтерін көрсету – 1 ТМС;
  • тауарлық газды ҚР тұтынушылары үшін газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау – 1 ТМС.

Уақытша өтемдік тарифтердің сомасы қызмет түрлері бойынша:

  • сумен жабдықтау – 163 493 363 теңге;
  • су бұру – 14 409 430 теңге;
  • жылумен жабдықтау – 209 254 971 теңге;
  • кірме жолдарын беру – 293 640 теңге;
  • тауарлық газды тасымалдау – 126 940 теңге.

Қазіргі таңда табиғи монополия субъектілерінің есептерін қарау жұмыстары жалғасуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы