Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда «халық азаяды, жастар кетіп жатыр, эмиграция көп» деп шулап еді. Бірақ 2023–2024 жылдардағы соңғы деректер осы әңгімеге мүлде басқа көзқараспен қарата бастады. Елімізде кететіндерден қараған да, келетіндер көбейді, көші-қон терісінен оң бетке өзгерді.
Қазақстан сыртқы көші-қонында айтарлықтай өзгеріс байқалуда. Егер 2015-2021 жылдар аралығында елден кеткендер саны көшіп келгендерді көп болып, «сальдо» теріс болса, 2023 жылдан бастап жағдай күрт өзгерді. 2023 жылы елге 25 387 адам келген, ал 16 094 адам кеткен; нәтижесінде таза көші-қон өсімі +9 293 адам болды.
2024 жылы бұл көрсеткіш одан да өсіп, сырттан 29 282 адам көшіп келіп, 12 732 адам кеткен. Нәтижесінде таза сальдо +16 550 адамға жетті. Екі жыл қатарынан сыртқы көші-қон оң балансқа ауысты, 10 жылда алғаш рет 2023 жылдар бастап сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады.
2025 жылы келушілер саны неге азайды?
2025 жылы Қазақстандағы көші-қон көрсеткіштері бір қарағанда тұрақты көрінгенімен, тереңірек талдасақ шетелден келетін мигранттар санының азайғанын аңғартады. Соның ішінде негізгі мәселелердің бірі, шетелдік жұмыс күшіне бөлінетін квотаның шектеулі болуы.

2022–2024 жылдары квота жұмыс күшінің 0,23–0,31 % аралығында бекітілді, яғни 2025 жылға қарағанда статистикалық түрде жоғарырақ болды. Ал 2025 жылы бастапқыда квота 0,2 %-дан ғана белгіленіп, кейін уақыт өте ұлғайғанымен, ол әлі де алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендеу аймағында қалып қойды.
Ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келгендер саны шамамен 20 пайызға төмендеген. Яғни, Қазақстанға келетіндер азайып жатыр, бірақ кететіндер одан да жылдам қысқарған.
Қазақстанның негізгі көші-қон серіктестері ТМД мемлекеттері. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 2025 жылғы есептік кезеңдерде шамамен 82% деңгейінде болған,

ал Қазақстаннан ТМД елдеріне кеткендердің үлесі де жоғары, шамамен 73-74%. Бұл ТМД елдері, алдымен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты мемлекеттер екенін көрсетеді.
Сонымен қатар еңбек мигранттары үшін Оңтүстік Корея, Қытай және басқа да Азия елдері маңызды бағыт болып қала береді, әсіресе уақытша еңбек бағдарламалары және келісімдер арқылы. 2025 жылы Кореямен байланысты кейбір бағдарламалар мен келісімдер жөніндегі жаңалықтар шықты.
Елімізге келушілердің негізгі себептеріне тоқталар болсақ:
- Еңбек ресурстары мен кәсіпкерлік бастамалар үшін Қазақстанға келетіндер бар. Олар көбіне кәсіпкерлік, ауылшаруашылық және қызмет көрсету секторларында жұмысқа орналасу бағыттары бойынша келеді.
- Отбасылық жағдаймен, үйлену, отбасы мүшелерінің қосылуы және тұрақты тұру үшін көшіп келу. Бұл бағыт дәстүрлі түрде жоғары үлеске ие.
- Білім алу, студенттік миграция (университеттерге түсу) кейбір елдерден келетін жастардың саны байқалады.
- Тұрақты тұруға ниет, әсіресе ТМД мемлекеттерінен Қазақстанға өмір сүру деңгейі, әлеуметтік инфрақұрылым, мүмкіндіктер үшін келеді.
Елден көшіп кетудің негізгі себептері:
1.Еңбек миграциясы, басқа елдерге әсіресе Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Еуропаға жоғары табыс табу мақсатында елден көшу процесі байқалады. 2025 жылы да Қазақстан азаматтарының уақытша немесе тұрақты жұмыс іздеп кетуі жалғасуда.
2.Оқу және кәсіби даму, шетелдік жоғары оқу орындарында оқу үшін кету.
3.Отбасы және жеке себептер – отбасылық жағдайлар, көшу мүмкіндіктері, тұрмыстық факторлар.
Табиғи өсім әрдайым жеткіліксіз. Бірақ, көші-қон есебінен халық саны тұрақты артып жатыр. Мысалы, 2024 жылы халық саны 20 млн-нан асып, қала тұрғындарының үлесі артуда. Көші-қон тек экономикалық емес, елді мәдени, әлеуметтік тұрғыдан да байыту болмақ. Түрлі республикалардан келген адамдар жаңа идея, тәжірибе, мәдениетаралық диалог әкелуі мүмкін. Бұл қоғамды ашық әрі көпқырлы қылуға мүмкіндік. Бірақ назар аудару керек қиындықтар да бар. Қалаға қоныс аудару, тұрғындардың күрт өсуі тұрғын үй, білім, медицина, жол бәріне сұранысты арттырады. Мемлекет, жергілікті әкімдіктер бұл өсімді уақтылы қаржыландыру жүйесін дайындауы керек.
Көші-қон демография ғана емес. Бұл Қазақстанның келешегі. Жаңа адамдар, жаңа энергия, жаңа еңбек бұл республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал етеді. Ал егер мемлекет тарапынан дайындық болмаса, бұл өсім ауыр салмақ, әлеуметтік қиындықтарға жол ашуы да мүмкін.
Назым Тұрсынбай,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 4-курс студенті.
