«ҰЛТТЫҚ ДИКТАНТ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

369 көрілім

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан халқының тілдері күні мерекесінің аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасының бастау алғанын хабарлайды. 

Ұлттық диктант – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.

Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама сауатты жазудың тек білім өлшемі ғана емес, сонымен бірге азаматтық жауапкершілік және тілге деген құрметтің көрінісі екенін білдіреді.

«Ұлттық диктант» жобасы ағымдағы жылдың 13 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы