Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.
Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында мынадай өзгерістер:
– Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтары, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құнын 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін;
– Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін;
– басқа өңірлер үшін 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайту көзделеді;
– қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін растау үшін тең қарыз алушыны (тең қарыз алушыларды) ғана емес, кепілгерді де тарту мүмкіндігі беріледі.
Бұл нормалар ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыру және тұрғын үйді сатып алу шарттарын жақсарту үшін енгізіледі.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлерi мен Бағдарламаның қаулымен қозғалмаған талаптары өзгерiссiз қалады.
«7-20-25» бағдарламасы азаматтарды 20%-дан басталған бастапқы жарнасы кезінде мерзімі 25 жылға дейінгі жеңілдігі бар жылдық 7% мөлшерлемесімен қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.
2025 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама шеңберінде 1,1 трлн теңге сомаға 81,8 мың жеңілдігі бар қарыз берілді.
Қаулының толық мәтінімен ҚҰБ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Өзгерістер мен толықтырулар қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
УВЕЛИЧЕНЫ ЛИМИТЫ НА ПОКУПКУ ЖИЛЬЯ В РАМКАХ РЕАЛИЗАЦИИ ПРОГРАММЫ «7-20-25»
Национальный Банк Казахстана (далее – НБК) сообщает о внесении изменений и дополнений в постановление «Об утверждении Программы ипотечного жилищного кредитования «7-20-25».
Постановлением Правления Национального Банка, предусматривается:
– увеличение максимальной стоимости приобретаемого жилья с 25 млн тенге до 30 млн тенге для городов Астана, Алматы и их пригородных зон, а также городов Актау, Атырау, Шымкент;
– с 20 млн тенге до 25 млн тенге для города Караганда;
– с 15 млн тенге до 20 млн тенге для других регионов;
– заемщикам предоставляется возможность привлечения не только созаемщика (-ов), но и гаранта для подтверждения платежеспособности.
Данные нормы вводятся в повышения доступности ипотечных жилищных займов и улучшения условий приобретения жилья.
Параметры ипотечных жилищных займов и требования Программы, которые
не были затронуты постановлением, остаются неизменными.
Программа «7-20-25» была запущена в 2018 году для обеспечения граждан доступной ипотекой по льготной ставке 7% годовых сроком до 25 лет при первоначальном взносе от 20%.
По состоянию на 2 октября 2025 года в рамках программы выдано 81,8 тыс. льготных займа на сумму 1,1 трлн тенге.
С полным текстом постановления можно ознакомиться на официальном
интернет-ресурсе НБК.
Изменения и дополнение вступают в силу со дня принятия постановления.
