- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Психолог мамандардың айтуынша эмоционалды тұрақты адамдардың өмірлік ұстанымы позитивті. Ал олардың қатары қалың емес болғандықтан мезгілдердің ауысуымен көңіл күйіміз түсіп, ұйқымыз келетінін, тәбетіміз ашылып, өмірлік тонусымыз төмендейтінін байқаймыз. Бастысы клиникалық депрессия мен көңіл-күйдің уақытша төмендеуін ажырату маңызды. Күйзелістің алдын-алуға қалай болады? Соңғы рет қашан қуаныш пен шаттық сезімін сезінген едіңіз, есіңізде бар ма? Үмітсіздік, бейжайлықты сезіну, тәбетттің күрт ашылуы немесе мүлдем болмауы, ұйқының бұзылуы, денедегі жағымсыз сезімдер. Бұлар клиникалық күйзелістің белгілері болып табылады. Адам осындай күйде болса онда міндетті түрде психиатрға қаралуы керек. Бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі біз бірден есепке қоймаймыз. Көңіл күйді көтеру үшін түрлі пайдалы дәрі-дәрмек қабылдап, психологпен жұмыс жасау қажет. Ғалымдардың зерттеулері бойынша күйзеліс көбінесе қыз-келіншектерде жиі кездеседі екен. Ол жарық күннің азаюынан болатын гормондық өзгерістерге байланысты. Қыста мелатониннің секрециясы бұзылады, серотонин яғни бақыт гормоны аз өндіріледі.
– Күннің жарығы жетіспегендіктен, адам жұмыс жасайтын бөлмеде терезелер барынша ашық болуы тиіс. Былайша айтқанда күннің әрбір сәулесін ұстап тұру қажет. Жағдайыңыз болса жұмысқа жаяу яғни сереуендеп бару керек. Жағымды әуен тыңдау керек. Осылайша біз көңіл-күйімізді көтеріп, күйзелістен арыла аламыз.
Сонымен қатар А, С, Д және Д3 дәрумендерін қабылдауымыз қажет Егерде аздап көңіл күйіңіз түссе, ешнәрсеге зауқыңыз болмаса абыржудың қажеті жоқ. Бұл әдеттегі жағдай болып табылады.- Әрине бір жағынан аздап босаңсу дұрыс. Ол бізге болашақта басқа жағымды эмоциялар жинауға септігін тигізеді.
Ең бастысы жағымсыз көңіл күйге бой алдырмаңыз, ол үшін өзіңізді туған-туысқандарыңызбен және сүйікті адамдарыңызбен қоршауға тырысыңыз. Осындай қарапайым қағидалардың арқасында сіз маусымдық күйзелісті және жағымсыз көңіл күйді айналып өтесіз.
ТҚЕ №4 бөлім психологы Сейданова З