Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз-күйзеліс.
Күйзеліс – бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы.
Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стрестің өзі шарасыздыққа алып келеді. Күйзеліс – адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен күйзелістің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.
Әдебиеттерде күйзелістің туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну,құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккөру және т.б.
Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқандай барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Күйзелістің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Күйзелістің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.
Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?
Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
Жеткіншектерде кездесетін күйзелістер.
Туған-туыстармен туыстық қарым-қатынасты үзу, өнімді жұмысқа деген бейжайлық, сылбырлық көрсету, өмірден түңілу, жанұяның, қоғамның, діни топтардың құндылықтарына жағымсыз көзқараспен қарау, сияқты әрекеттердің патологиялық қалыптасуы суицидтік әрекет пен дағдарыстық ахуалдардың пайда болуын шарттастыратын детерминациялаушы фактор негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маргинализм байқалады. Өйткені олар әлі де болса, есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең жағымды түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.
Жалпы, жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай әрекеттерден де анық аңғаруға болады:
1.Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.
2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.
3. Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.
5. Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.
6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:
1. ұйқысы бұзылады;
2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегесу әрекеттері мен агрессия байқалады;
3. апатия, күйзеліс:
4. достарын жиі ауыстырады;
Атажанова Мақпал,
Түркістан қалалық емханасы № 7 отбасылық денсаулық орталығының психологі