«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РММ Қазақстан Республикасының экологиялық кодексінің 58-бабы 2-тармағына және 73-бабы 1-тармағына сәйкес 2025 жылғы 13 мамырдан бастап 5 жұмыс күні ішінде Бірыңғай экологиялық порталда (Ecoportal.kz) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Түркістан қаласындағы әкімшілік ғимаратын салу» Жұмыс жобасына «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша көпшілік талқылау түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Ескертулер мен ұсыныстар қалдыру үшін жобалық құжаттама топтамасымен Бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады.

ХАБАРЛАНДЫРУ
531 көрілім