«Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры Айжан КАНЕТОВА: «БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – ОРНЫҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ»

720 көрілім

Соңғы жылдары қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер отбасы құндылығының сақталуына үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр. Орталық Азия елдері ортақ тарихтың жарқын беттеріне көбірек назар аударуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне жариялаған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында осындай ой айтады.

– «Тарихи жадымыз – халықтарымыздың ұлттық сана-сезімінің мызғымас тұғыры. Біз ата-бабаларымыздың жетістіктерін және бай мәдениетімізді мақтан тұтамыз. Осы орынды мақтаныш қазір барша ұлттың табысты дамуына, сондай-ақ олардың болашаққа сеніммен қадам басуына қуатты серпін береді. Сондықтан біз ортақ тарихымыздың жарқын беттеріне көбірек назар аударуға тиіспіз. Орталық Азияның жалпы тарихын түркі, парсы, араб, қытай, Ресей және Батыс Еуропа дереккөздеріне сүйеніп жазу маңызды міндет деп санаймын», – дейді Президент.

Мемлекет басшысы өңірдегі бауырлас елдер ортақ рухани кодты көздің қарашығындай сақтауы керек деп есептейді.

– «Жаһандық бәсекеге қабілетімізді арттыру үшін біз бірлігімізді сақтай отырып, ортақ мақсаттарға үздіксіз ұмтылуымыз керек. Ұлы Абай «Бірлік – ақылға бірлік» деп бекер айтпаған. Қазір жер жүзінде геосаяси жобалар мен идеологемалар дәріптеліп жатыр. Мұндай жағдайда біз өзімізге тән қонақжайлық, ынтымақ және өзара қамқорлық сияқты қасиеттерімізді, сондай-ақ отбасылық құндылықтарымызды және басқа да озық дәстүрлерімізді қамтитын рухани-мәдени кодымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек», – деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қарашаңырақтан бастау алады.

Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады.

Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 14 маусымдағы №256 НҚ бұйрығымен, Сауран ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №281 қаулысына сәйкес, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ құрылды. Отбасын қолдау орталықтардың мақсаты мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы ішіндегі салауатты қарым-қатынасты қалыптастыруға жәрдемдесу. Өмірде әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтудағы жұмыстарды үйлестіру. Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық кеңестер беріп қолдау көрсету және жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативті – кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын алдын алу шараларын ұйымдастыру. Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларды қамту жөніндегі жұмыстарды ерте анықтау және үйлестіру жөнінде Аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен аудандағы ведомствоаралық мемлекеттік органдардың қатысуымен іс-шара жоспары бекітілді және өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларды қамту жөніндегі жұмыстарды ерте анықтау және үйлестіру жөнінде мобильді жұмысшы тобы құрылды. Орталықтың қызметін алуға жан-жақты қолдауға ие болатындар, отбасын қолдау іс-шарасына қатысушылар ауданға қарасты 12 ауылдық округтегі көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, асыраушысынан айрылған отбасылар, мүгедектігі бар бала қарап отырған отбасылар (адамдар), тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдар, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар жатқызылады.

Отбасын қолдау орталығының 2025 жылдың 1 тоқсанда атқарылған жұмыстары бойынша, 36 өтініш түсіп, 5 отбасына құқықтық кеңес, 17 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық кеңестер мен сүйемелдеу жүргізілді нәтижесінде орталыққа оқу курстарына ұсыныс жасалды, Қорғау нұсқамасымен тіркелген 14 отбасы отбасылық жанжал салдарынан тіркелген оларға әлеуметтік зерделеу жүргізіліп, қазіргі таңда ол отбасылармен психологиялық қызмет пен кешенді сүйемелдеу жүргізілді, жағдайлары тұрақталды. (ОЦК) Отбасының цифрлық қартасын өзектендіру бойынша «Д» және «Е» санатындағы отбасылар санын төмендету, отбасының әл-ауқаты 9-критерийлер бойынша бағалау жұмыстары атқарылуда. Отбасын қолдау орталығы мен Жастар ресурстық орталығымен бірігіп, ауданға қарасты 22 мектеп қабырғасындағы жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу», жасөспірімдердің арасындағы «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Тәуелділіктің алдын алу» және «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша семинар-тренингтер жүргізілді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – отбасының жүрегі» атты іс-шара орталықта аталып, аудан әкімі Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы көп балалы аналар, батыр аналарды және қыз-келіншектерге гүл шоқтарын беріп мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Орталықта «Қош келдің әз – Наурыз!» мерекесіне арналған іс-шараға Сауран аудандық аналар кеңесі және 12 ауылдық округі бойынша әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы аналарымыз бен балаларды қуанту мақсатында әр-түрлі ойындар ұйымдастырылды, мереке соңында балалар сыйлықтарын алып жақсы көңіл-күйде тарасты. Облыстық полиция департаментінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жауапты инспекторлары жұмыс жүргізу мақсатында Отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізіліп, күн тәртібіне отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын бірлесіп атқару ұсынылды. Отбасын қолдау орталығы алдағы тоқсанға да тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу бойынша 12-ауылдық округіне және аудандағы жалпы мектептерге аралау түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау (суицид), аутодеструктивті мінез құлық, түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу. 12-ауылдық округтегі көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, асыраушысынан айрылған отбасылар, мүгедектігі бар бала қарап отырған отбасылар (адамдар), тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдар, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға орталық мамандары ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, әлеуметтік зерделеу психологиялық қолдау көрсету бойынша қызметтер көрсету құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы әлеуметтік жағдайларын түзеу жолдарына бағыттау жұмыстары жоспарлануда. Отан – отбасынан басталатындығын бағамдасақ, тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы – берекелі шаңырақта екендігі даусыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы