МЕМЛЕКЕТТІҢ 18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҒЫ

297 көрілім

          Мемлекет бала 18 жасқа толғанға дейін  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі МӘМС) жүйесі  үшін жарналарды төлеп отырады, сол себепті 18 жасқа толғанға дейінгі балалар МӘМС жүйесінде барлық медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

15 жеңілдікке ие санаттардың ішінде  орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, ЖББ, ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдарға  Мемлекеттің МӘМС-ке жарналарын аударып отырады.  

Кімде сақтандыру мәртебесі жоғалту қауіпі бар?

1.18 жасқа толған мектеп оқушылары яғни мектепті аяқтау кезінде 18 жасқа толған түлектер «балалар» жеңілдік санатынан шығады.

2.Оқу орындарына түспеген түлектер, бұлар колледжде немесе университетте оқуды жалғастырмауға бет бұрған жастар.

3.Ресми жұмысы жоқ жастар, яғни ресми түрде жұмыс істемейтін және жарналарды өз бетімен төлемейтін түлектерде сақтандыру мәртебісін жоғалту қауіпі болады.

Екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ

Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, Касса 24, Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылыжарналарды төлеуге болады.

Мектепті аяқтағаннан кейін МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтаудың бірнеше жолдары бар:

күндізгі оқу бөліміне түскен жағдайдажеңілдік санаты сақталады;

ресми түрде жұмысқа орналасу арқылы жұмыс беруші сіз үшін аударымдар   

  мен жарналарды аударып отырады

ербес төлеуші болу сақтандырылған мәртебесінде қалу үшін жарналарды төлеп отыру, 1 ЕТЖ-дан 5% , немесе – 4250 теңге

-дара кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ – дан 5% төлеу, немесе 5950 теңге  төлеп отыру қажет .

Сақтандыру мәртебесін қалай тексеруге болады? Ол үшін

@SaqtandyruBot Телеграм , msqory.kz қордың ресми сайтында, Egov порталында (Денсаулық сақтау -> медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ке аударылған сомалар туралы ақпарат), Qoldau 24/7 мобильды қосымшасы арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады.

Медициналық көмектен айырылып қалмас үшін,  сақтандырылған мәртебесін қадағалап отыру маңызды!

ТҚЕ Бірлік бөлімшесі психолог Мухиддинова Фатима Каримовна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы