2018 жылдың 1-ші қаңтарында жаңа жылдық мерекелік кезекшілікті атқарған Түркістан облысы полиция департаментінің басқару штабы кезекші бөлімінің кезекші-инспекторы, полиция капитаны Индира Әріпбаева мен кезекші бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі, Асанхан Шымырбаев жаңа жылды жұмыс орнында өткізді.
Жаңа жыл түні кезекші бөліміндегі тәртіп сақшылары департаменттегі басқа да әріптестері сияқты күшейтілген күн тәртібіне көшірілген. Көне шаһар Түркістан қаласының тұрғындары да жаңа жылдың басталуын, Президенттің дәстүрлі қызметін күтіп, мәре-сәре болып, көтеріңкі мерекелік күйде шаттанып жатқанда, түркістандық полицейлер керісінше отбасынан жырақта, күшейтілген тәртіппен, халқының амандығын тілеп: «Қылмыс болмаса екен, елге тыныштық бергей», – деп кірпік қақпай күзетіп отырады.

Полицейлердің қызмет жолын біреу түсінсе, енді бірі түсінбейді. Үстірт бағалайтындар да кездесіп жатады. Міне, осылай қаланың тұрғындары демалып жатқанда полиция құрамының 30 пайызы күшейтілген режиммен күндіз-түні көз ілмей, демалыс кезінде де, мереке күндері де қызмет атқаратынын көпшілік біле бермейді. Тәжірибелі екі полицей осы жаңа жылдық мереке күні кезекшілікте болуға тура келген.
Кезекшілікке түскенде, оны тапсыратын кезде және кезекшілік ішінде қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылығы тарапынан жауаптылардың өміріндегі кримогендік, қоғамдық-саяси жағдайы бойынша полиция департаментіндегі жауапты адамға ауызша баяндау міндеті жүктеледі. Облыс орталығы және оған қарасты полиция басқармалары мен бөлімдеріндегі болған төтенше оқиғалардың барлығы да департамент жанындағы кезекшілерге хабарланады. Төтенше оқиғаларды жедел түрде тиісті бөлімдерге жеткізіп отыру міндеті жүктеледі. Бұл – жауапкершілігі бар, зор міндет. Осы мереке күнінің өзінде облыс бойынша қылмыс ашылды. 2018 жылдың жаңа жылы күні көшелер мен қоғамдық орындарда 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қайтыс болды. Оның біреуі – Ордабасы, екіншісі – Төлеби ауданында тіркелген. Жаңа жыл мерекесі күні болған төтенше жағдайлардың сипаты мүлік, пәтер, телефон ұрлығы, бұзақылық, мезгілсіз өлім, алаяқтық, жол-көлік оқиғасы және одан кетіп қалу, мал ұрлығы сияқты жалғасын тауып кете барады.

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ
Пайғамбарымыздың хадистерінде мынандай әпсана бар, адамдар Алла Тағалаға: «Ей, Жаратқан, өзің өмірге келтірген пенделеріңді, кенеттен ерте алып кететінің қалай?», – деп реніштерін білдірсе керек. Сонан соң, жаратушы өлімдерін менен көрмесін, бір-бірінен көріп жүрсін деп, түрлі кездейсоқ оқиғаларды жібереді. Жол-көлік оқиғасы – осының бірі. Бүгінде техника жетістіктері жақсы жағымен қатар, қазіргі қоғамдағы автокөліктерден күн сайын азаматтардың жол-апаттарына түсіп, қайғылы қазаға ұшырап жатқандарына куә боламыз. Осы «ғасыр тажалынан» Жаңа жыл күндері де құр қалған емес. Ордабасыда бір жүргіншіні автокөлік қағуының салдарынан қаза болды. Осындай оқиға Төлебиде де орын алды. Сөйтіп, туған-туыстарымен, ата-аналарын қайғы құрсағында қалдырып, зар еңіретті. Адам қаққан жүргізушінің де отбасы мен туған-туыстары орны толмас өкініштен өзектері өртеніп қала берді.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҰРЛЫҒЫ
Жаңа жылдық мерекеде көп орын алған оқиға – ұялы телефон ұрлығына байланысты. Сол күнгі кезекшілер Индира Орынбайқызы мен Асанхан Айдарбекұлы мереке күні 31-желтоқсанда сағат 17-20 шамасында «Эврика» дүкенінен, «Қуаныш» сауда орталығынан, Жетісай қаласынан, Төлеби ауданы-нан осындай түрлі маркалы қалта телефондары ұрланып, жедел іздес-тіру шарасы нәтижесінде тәртіп сақ-шылары егелеріне қайтарып берген.
ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ
«Өрт – тілсіз жау», – деп бекерге айтылмаса керек. Жаңа жыл мерекесі күні облыс көлемінде 7 өрт оқиғасы болды. Бұған төтенше жағдайлар мен полицейлерден құралған жедел топ дер кезінде шара қолданып, адамдарды өлімнен арашалады. Мереке күнгі елді алаңдатқан қылмыстың түрі ішімдіктің зардабынан болған түрлі төбелес пен ұрыс-жанжалдар орын алған.
ТҮЙІН
Жаңа жылдық кезекшілігінде өз міндетін жауапты атқарып, орын алған төтенше оқиғаның алдын алған кезекші бөлім бастығының орынбасары Асанхан Шымырбаев пен полиция капитаны, кезекші – инспектор Индира Әріпбаева биыл да жаңа жылдық мерекесінде кезекшілік міндеті жүктеліп отыр. Антына адал, полиция қызметкерлеріне қаланың қауіпсіздігін күшейтуде жұмыстарына табыс тіледік.
Балтакесті ӨТЕБЕКОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ТО ПД-нің баспасөз қызметі.