Түркістанда Сидней олимпиадасының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық бокс турнирі мәресіне жетті.

10 ақпан күні басталған жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Жұмабаев пен анасы Сырлыгүл Шойбекова және спорт жанашырлары мен жасөспірімдер қатысты.

– Бекзат Саттарханов – қазақ спортының жарық жұлдызы, еліміздің мақтанышы. Оның есімі тек Түркістан жұрты үшін ғана емес, бүкіл қазақ елі үшін ерекше құрметке ие. Бекзаттың жеңісі – жастарға үлкен өнеге. Оның қайсарлығы мен рухы келешек чемпиондарға үлгі болуы керек. Осы турнирдің басты мақсаты – елімізден жаңа Бекзаттарды тәрбиелеп шығару. Барлық қатысушыларға сәттілік, әділ жеңіс тілеймін! – деп турнирді ашып берді қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Турнирдің ашылуында арнайы ҚР Ұлттық Ұлан «6506» әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран орындалып, «Сенім мен жеңіс» атты көрініс ұсынылды. Онда Бекзаттың спорттағы жолы мен Олимпиададағы тарихи жеңісі бейнеленді.

Турнирге қатысушылар үшін бұл дода – тек жарыс қана емес, чемпион Бекзаттың рухына тағзым етіп, оның жолын жалғауға ұмтылыс.

4 күнге созылған Республикалық тартысты бокс додасы өз мәресіне жетіп, атаулы жарысқа қатысқан Өзбекстан және Қырғыз Республикасы, еліміздің барлық облыстарынан келіп, жеңіске жеткен жас спортшылар марапатталды.

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыгүл Шойбекова, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Бекзат Саттархановтың бапкері Анатолий Визирякин, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Жұмабаев, қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қала әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысты.

Жеңімпаздар тізімі мынадай:
38 келі салмақта:
1-орын: Али Абдикамал, Түркістан қаласы
2-орын: Қаныбек Бақдәулет, Шымкент қаласы
44 келі салмақта:
1-орын: Үсенхан Аңсар, Түркістан облысы
2-орын: Жандосұлы Аян, Б.Саттарханов мектеп-интернаты
3-орын: Тәттібек Әлихан, Бокс клубы және Аширматов Абдулазиз, Түркістан қаласы
46 келі салмақта:
1-орын: Мұхтархан Заңғар, Түркістан облысы
2-орын: Қайырғали Бекарыс, Атырау облысы
3-орын: Омар Ерхан, Түркістан облысы
48 келі салмақта:
1-орын: Дүйсенбек Нұрбақ, Түркістан қаласы
2-орын: Құттыбек Нұрдәулет, Бокс клубы
3-орын: Махамбетқұл Жанымбек, Түркістан облысы және Артық Рамазан, Түркістан облысы
50 келі салмақта:
1-орын: Құралбай Қуаныш, Бокс клубы
2-орын: Батырхан Алдияр, Жамбыл облысы
3-орын: Эмиров Эмиль, Түркістан облысы және Өтеген Имран, Ақмола облысы
52 келі салмақта:
1-орын: Әбеу Санжар, Ақмола облысы
2-орын: Лесбек Рүстем, Түркістан облысы
3-орын: Досмұрат Абылай, Жамбыл облысы және Батыр Мұхтархан, Б.Саттарханов мектеп-интернаты
54 келі салмақта:
1-орын: Сайдикарим Диас, Б.Саттарханов мектеп-интернаты
2-орын: Аскертаев Мадияр, Ақмола облысы
3-орын: Ералы Әділет, Шымкент қаласы және Хамаджанов Абдурахман, Қырғыз Республикасы
57 келі салмақта:
1-орын: Исмайл Айқын, Түркістан облысы
2-орын: Батырбек Ерасыл, Түркістан облысы
3-орын: Сансызбай Бақдәулет, Түркістан қаласы және Оразымбек Нұрасыл, Б.Саттарханов мектеп-интернаты
60 келі салмақта:
1-орын: Сайдахан Сұңғат, Бокс клубы
2-орын: Беркін Оразхан, Шымкент қаласы
3-орын: Унгаров Асылбек, Бокс клубы және Сағынғали Аман, Ақтөбе облысы
63 келі салмақта:
1-орын: Серікбайұлы Ернар, Бокс клубы
2-орын: Дүйсен Мирас, Маңғыстау облысы
3-орын: Асадиллаұлы Мусин, Түркістан қаласы және Билал Тамерлан, Ақмола облысы
66 келі салмақта:
1-орын: Мирзалиев Умиджан, Өзбекстан Республикасы
2-орын: Базарбек Бағлан, Бокс клубы
3-орын: Момынжанов Расул, Атырау облысы және Тұрғанбай Темірхан, Шымкент қаласы
70 келі салмақта:
1-орын: Арон Арнур, Ақмола облысы
2-орын: Каналбек Исламхан, Бокс клубы
3-орын: Абдолда Еркебұлан, Жетісу облысы және Молдаш Ақпан, Түркістан облысы
75 келі салмақта:
1-орын: Куспек Али, Ақмола облысы
2-орын: Молдаш Ескендір, Түркістан облысы
3-орын: Нұрқасым Ерасыл, Жамбыл облысы және Жаппарқұл Сұлтан, Жамбыл облысы
80 келі салмақта:
1-орын: Бауыржан Алиакбар, Жамбыл облысы
2-орын: Тортаев Мухамедали, Қызылорда облысы
3-орын: Майлыбай Нұрбол, Түркістан облысы және Айдарбек Асылбек, Түркістан қаласы
80+ келі салмақта:
1-орын: Бақыт Абілмансұр, Жамбыл облысы
2-орын: Жолдыұлы Арсен, Жамбыл облысы
3-орын: Турабек Бимурза, Түркістан облысы және Мүсрәлі Жәдігер, Түркістан облысы
Сонымен қатар, тартысты өткен жарыстың үздіктері де марапатталды.
Жеңіске деген жігерлігі үшін – Хамиджанов Абдурахман, Қырғыз Республикасы
Үздік жаттықтырушы – Сахи Дастан
Үздік төреші – Жұмағали Мұқтархан
Үздік боксшы – Арон Арнұр, Ақмола облысы

Айта кетейік, жарысқа 14 салмақ бойынша еліміздің 15 облысынан, көршілес Өзбекстан және Қырғыз Республикасынан 200-ден аса боксшы қатысып, өз бақтарын сынады.
Азамат ӘЛІБЕК.