РУХАНИЯТ ШЫРАҚШЫСЫ – ОРЫНБАЙ ДАСТАНОВ

499 көрілім

Түркістан қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының алғашқы басшысы, ақын, жазушы, драматург Орынбай Дастановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрме 2 айға жуық қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет етеді.

Орынбай Дастанов – Түркістан өңірінің мәдениеті мен әдебиетіне зор үлес қосқан кемеңгер тұлға. Ол өзінің табиғат берген талантынан туындаған шығармашылығы арқылы адалдық пен ізгілік секілді рухани құндылықтарды насихаттап, ел ертеңі жастарға үлгілі өнеге қалдыра білді. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің дамуына ықпал етіп, ұлттық өнер мен руханиятты дамытуға бағытталған еңбектерімен ерекшеленді. Ол тек ақын, жазушы ғана емес, сонымен бірге ұлттық мұраны сақтауға арналған талай бастамалардың бастаушысы болды.

Мәртебелі жиынға ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық Ататүрік алтын медалінің иегері, профессор Өскенбай Тәшенов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласының құрметті азаматы – Мақсұт Атамбаев, белгілі қоғам қайраткері Нұрбах Рүстемов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Амангелдіқызы, Түркістан қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шора Исмолдаев, Орынбай Дастановтың қыздары Ұлбосын мен Раушан Дастановалар, жұбайы Жадыра Орынбасарова, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері және О.Дастановтың көзкөрген замандастары мен туыстары, жергілікті музей басшылары, мәдениет, тарих саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, жиында қаламыздағы «Көркемсөз» және «Жас лидер» үйірмесіне қатысушы дарынды мектеп оқушылары О.Дастановтың өткір өлең-жырларын жатқа оқып, көрмеге келген қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Мәулен Жарылқасынұлы көрменің ашылу салтанатында Орынбай Дастановтың Қ.АЯсауи кесенесін сақтаудағы, ұлттық мәдениетімізді насихаттаудағы сіңірген елеулі еңбегіне тоқталып, осындай тарихи тұлғаларымыздың өнегелі ісін, даңғыл жолын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу маңызды екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, бұл көрме жастардың руханиятқа деген қызығушылығын арттыруға және мәдени мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге зор септігін тигізетінін айтты. Сондай-ақ, көрмеге келген зиялы қауым мен барша игі-жақсылар Орынбай Дастанов жайлы естеліктерімен, танымдық мағлұматтарымен бөлісті.

Көрмеде Орынбай Дастановтың шығармашылық жолы мен өмір жолына қатысты түрлі құнды экспонаттар қойылды. Көрме экспозициясына О.Дастановтың «Әзірет Түркістан», «Әулиелі жерлер туралы шындық», «Әзірет Сұлтан» секілді құнды шығар-малары мен түрлі архивтік құжаттары, қызметтік жылдарынан естелік фотосу-реттері мен жеке тұтынған заттары шы-ғарылып, көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме – оның халқына деген құрметі, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтудағы ерекше рөлі туралы еске алу шарасы болып табылады. Көрменің басты мақсаты – саналы ғұмырын ұлтына риясыз қызмет етуге, тарихи маңызы зор бірегей қасиетті Қ.А.Ясауи кесенесін көзінің қарашығындай сақтауға арнаған, күш-қайраты мен ақыл парасатын осы жолға сарқа жұмсаған ақын, драматург О.Дастановтың өмірі мен шығармашылығын қалың жұртшылыққа кеңінен таныстыру.

Аталмыш көрме Орынбай Дастановтың шығармашылығын ғана емес, сонымен бірге Қ.А.Ясауи кесенесін сақтаудағы ерен еңбегі мен қазақ руханиятының даму тарихындағы оның орнын атап өтуге бағытталған. Бұл көрме әр адамның жүрегіне сан мың тарам тарихтың алауын жағуға, рухымызды жаңғыртуға, ұлттық құндылықтары-мызға деген құрмет пен сүйіспеншілікті оятуға шақырады.

Азамат ӘЛІБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы