АДАМ КЕЙДЕ АЙНАҒА ДА ҚАРАП ТҰРУЫ КЕРЕК…

442 көрілім

Құрметті пікірлестер, жерлестер сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, сіздерге бақыт пен қуанышқа және молшылыққа толы ұзақ өмір тілеймін!
Алла тағала есіктеріңізді жақсылыққа аштырсын, дастархандарыңызды жақсылыққа жайғызсын, бүкіл жер шарымызда тыныштық болсын. Шығарып салып отырған 2024 жылымызға өкпеміз жоқ. Бір данышпан: «Адам өзіне сұрақ қоюды тоқтатқан жерде өмірдің дамуы да тоқтайды»- деген екен. Сондықтан болар, мен де 2024 жылы қандай игілікті, ізгілікті істерді атқара алдым, қандай ойыма алған жоспарларымды орындай алмадым, орындай алмасам келе жатқан жаңа жылдың үлесіне қандай денгейде қалдырдым дегендей сұрақтарды өзіме қоюмен болдым.

Біздің Ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлтының қасиетін салт-дәстүрі мен өнегесін әдет-ғұрыппен, үлгісін жөн-жосықпен, әдебін ырым–тиыммен көрсете отырып, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Осы бағытта облысымыздың ақсақалдар алқасының төрағасы, абыз ақсақалымыз Әзіретбергенұлы Жарылқасын ағамыздың бастамасымен «Ата-баба дәстүрі тәрбиенің бастауы» атты байқау өтті (облыс денгейінде). Ол екі кезеңнен тұрды.
1-ші кезең: Ұмытылып бара-жатқан салт-дәстүрлер жайлы сахналық көрініс.
2-ші кезеңде «Ұлттық қадір-қасиеттер» туралы.
Сонымен қатар, «Әр отбасыға жақсылық тілейміз» деген форматта, ай сайын әлеуметтік жағдайы төмен жан ұяларға азық-түлік таратылып отырды. Бұл жерде облыстық ақсақалдар алқасының ұйтқы болуымен қаламыздың бірнеше мекемелері осы іс-шараға өз үлестерін қосты.
Бұдан да бөлек қаламызда өткен түрлі саладағы, түрлі денгейдегі іс-шараларға қатыса отырып, өзіміздің аз да болса үлесімізді қосқандай сезіндік.
Абай айтқандай: «Шариғат: Ойланбай илан десе,
Мен: Илану үшін ойлаймын» дегендей, мен де келе жатқан жаңа жылдың үлесіне төмендегідей ойларымды қалдырып отырмын:

  1. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы киелі қаламыз Түркістанда өткізілген «Әлеуметті Қазақстан-Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» -дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы әр азаматтың сана сезімін жандыруы қажеттігін, халқымыздың дүние танымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін, әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өткен болатын. Олай болса осынау көрегендікпен айтылған ойды қалай мақсатқа айналдырамыз, мақсатқа айналған ойды қалай іс-жүзіне асырамыз? Меніңше, бұл біздер сияқты ақсақалдардың, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір зиялы азаматтың, елінің қамын жейтін (елінің малын жейтін емес) парасатты ұлтымыздың киелі қасиеттерімен сусындаған иманды, рухы биік әрбір азаматтың міндеті, әрі парызы деп санаймын.
  2. Ясауи бабамыз айтқандай: «Кім алдымен өзін таныса, өзінен де зор ақиқатты көреді, құдіретіне бас иеді»; «Адамды адаммен өлшеме, адамды Алламен өлше» дегендей тәкаппар, менмен емес, керісінше қарапайым, иманды, көргенді, рухани бай жастар үлгі тұтатын соған қарап бойы мен ойын түзейтін «Үлгілі тұлғаларды» қалай қалыптастырамыз қоғамның барлық салаларында, олардың қатарын қалай толықтыра аламыз? «Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арбада соған барады» -деп данышпан ата-бабаларымыз айтып кеткен емес пе? Олай болса, жастарды кінәләй беруден бұрын алдымен өзіміздің шынайы болмысымызды танып алуымыз керек болып тұрған жоқ па?
  3. Ясауи бабамыз секілді сопылардың бойларында «Барлық нәрселерден жақсылық пен көркемдікті көру, іздеу деген қасиеттер қалыптасқан» екен. Дана халқымызда «Жақсы сөз жарым ырыс» – деп айтқан емес пе? Олай болса неге біздер көбіне келеңсіз нәрселерді ғана көреміз, солар туралы ғана айтамыз. Әрине, өмір болғаннан соң болып жатады. Дегенмен де болып жатқан жағымды жаңалықтарды, атқарылып жатқан игілікті істерді де көре білуіміз, айта білуіміз керек қой деп ойлаймын.
  4. «Адам кейде айнаға да қарап тұруы керек, әдемімін ба деп емес, адаммын ба деп»- деген екен бір данышпан. Сол айтпақшы бүкіл қоғам болып, айнаға «Адаммын ба» деп қарайтын азаматтардың әр сала басшылығына орналасуына (шамамыз келген ше) ықпал жасаумыз керек деп ойлаймын. Құрметті пікірлестер, менің жаңа жылдың үлесіне қалдырып отырған ойларым, ойларымның шешімін табу жолдары, олардың тетіктері…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы