АИТВ МЕН ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ НАУҚАНЫ ӨТТІ

574 көрілім

Бүгін Түркістан қаласы «Ханшайым плаза» ойын сауық кешенінде «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-нің ұйымдастыруымен «Дұрыс жолды таңдаңыз – адам құқықтарының жолын» тақырыбында тұрғындар арасында қан тапсыру арқылы АИТВ мен ЖИТС-тің алдын алу науқаны өтті. Аталмыш науқан алдағы уақытта қала аумағында 10 күнге жалғасады. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі.

Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар аталмыш науқанға қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді. Тұрғындарға өз мәртебесін анықтауына мүкіндік жасалып, медициналық психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілді. Қазіргі таңда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні өзектілігін сақтап, адамдар мен үкіметтерге АИТВ әлі аяқталмағанын еске салады. АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ЖИТС-ке қарсы жүйеге қосымша қаржы ресурстарын тарту мәселесі әлі де маңыздылығын жоғалтпауда.

Түркістан облысында 2024 жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша АИТВ инфекциясының 96 жағдайы анықталды, оның ішінде шет ел азаматтары – 4 адам. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 107 жағдай анықталған, шет ел азаматтар – 2 адам. Нәтижесінде Республика азаматтарының арасында анықталуы 15 жағдайға төмендеген.

АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) – аурудың соңғы немесе терминалды сатысы. Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.

Айта кетейік, Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы 2018 жылы желтоқсан айында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы болып құрылды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық кәсіпорын ретінде жұмыс жасап келеді. Мекеменің атауы 2024 жылы көктемде Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы болып өзгерді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы