БІР ӘУЛЕТ БІР ЗАУЫТТЫҢ ЖҰМЫСЫН АТҚАРУДА

624 көрілім

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласы мен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Баспасөз сапарымен барған журналистер Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған трансформатор кұрау және жөндеу цехтың жұмысымен танысты. Энергетикалық қуатты ны­ғайту – мемлекетіміздің эко­номика саласының басым бөлігі.  Оның ішінде трансформатор – электр-техникалық бұйымдар рыногы­ның ең талапты  және бәсекелі бөлігі. Кентау қаласындағы транформатор зауытының өнімдері өңірдің ғана емес елдің мәртебесін көтеріп, өңір тұрғындарын өмір сапасын жақсартып жатқаны баршаға мәлім. Алайда, Сауран ауданындағы шағын ғана ауылдан трансформатор құрап, адал еңбегімен отбасын асырап отырған ибаталық Махсұд Тажибаев жайлы көп біле бермейді.

Қазіргі таңда Ибата елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Махсұд Тажибаев 5 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Ұлдарының жеке қызығушылығы арқылы осы салаға бейімділігін байқап, өзінің білгенін үйреткен әкесі Дадахан Тажибайұлы да көп жыл Ибатада электрик болып еңбек еткен. Енді балалары Махсұд, Махмұд, Мұхаммед әке жолымен электрик болып жұмыс істеп, ел игілігі үшін аянбай еңбектенуде.

2016 жылы Сауран ауданы Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған трансформатор кұрау және жөндеу цехы ел ішіндегі энергетикалық қуатты нығайтуға өзіндік үлесін қосып келеді. Құны 30 миллион теңге болатын цехта жұмыс өнімділігі мен тапсырысқа қарай ауыл тұрғындары мен аталмыш салаға қызығушылар еңбек етіп келеді. Кәсіпорында қуатты кернеу диапазонындағы трансформаторлардың қорабы құрастырылады. Жылына 60-тан аса трансформатор қалпына келтіріліп, қайта жасақталады. Сонымен қатар, кәсіпорын жөндеуді қажет ететін, тозығы жеткен трансформаторларды жөндеумен айналысады. Бүгінде кәсіпорын өз өнімін өзге аудандар мен қалаларға шығара бастаған.

 «Айына кемі 4-5 транформатор жасайтын «Рамазан» ЖК-не тапсырыс берушілер көп. Ресейден де іздеп келетіндер бар. Олар негізінен Қазақстан электр желілері орталығының істен шыққан транформаторларға жаңа өмір сыйлайды екен. Әсіресе, өндіріс орындары шағын трансформаторларға қызығушылық танытады. Зауыттан әлдеқайда арзан өнімдерге сұраныс жоғары» – дейді Махсұд Дадаханұлы.

Кәсіпкердің айтуынша аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы келіп, кәсіпорын жұмысымен танысып, трансформатор кұрау және жөндеу цехы электротехника саласын дамытуда зор маңызы барын тілге тиек етіп, кәсіпкерге қолдау білдіретіндігін жеткізген.

Азамат ӘЛІБЕК,

Суреттерді түсірген:

Ердәулет САҒЫНДЫҚ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы